«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тапқыр математик" сайысы

22.12.2020

Тақырыбы: «Тапқыр  математик»  математикалық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың қызықты математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
 

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер

Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім:
    Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.

Мұғалім: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »  —  деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек.
- Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық.

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Математикалық эстафета»

3. «Ойлан, тап!»

4. «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына,

5. «Сәйкестендіру»

6. «Сиқырлы үшбұрыш»

Мұғалім:
Бүгінгі  күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста, - дегендей сайысқа қатысушылар: 

І топ: «Зерек» тобы
ІІ топ:  «Жігер» тобы

Бағдарлама бойынша  І кезең «Кел танысайық». 

1-топ: « Зерек» тобы

Топ басшысы:

Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

2-топ: « Жігер» тобы

Топ басшысы:

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

2 кезең «Математикалық эстафета»

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымызды  «Математикалық эстафета» деген кезеңінен бастайық.

Әр топ мүшелері жылдам есептерді шығарып, әрі дұрыс жауап беру керек.

1 – топ 
(57 - 7)+40 =
(20+60)- 10 =
(60+9)- 40 =
2 – топ
20+(45 - 5) =
60 -(39 - 9) =
70+(16 - 6) =

3 кезең «Ойлан, тап!»    

(әр топ сандықтан екі логикалық тапсырма алады)

-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік.

«Үй иесі мен ұрылар»

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда адам  нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)

«Күлшеқыз»   

Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)

«Шаштараз »   

Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

«Бір мая шөп»   

Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)

4 кезең «Сандар сыры»  
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына атты  келесі кезеңге көшейік.

Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.

1-топ   Зерек тобына:

  • Ұзындық бірліктерін ата
  • Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?
  • Қосу амалдарының компоненттерін ата?
  • 1м-де неше см бар?
  • Х+30=60  /х тің мәні нешеге тең?
  • Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды?
  • Жеңіс  күні қай күн ?
  • 1ғасырда неше жыл ?
  • Ең үздік баға?
  • Сен қай жылы туылдың?
  • Сабағымыз нешеде басталады?
  • Қай мектепте оқисың?
  • Отбасыңда қанша адам бар?

2-топ  Жігер тобына:

  • Уақыт бірліктерін ата
  • Жүз санында неше нөл бар?
  • Азайтудың компонеттерін ата
  • 1т неше кг бар?
  • Х+40=80 /х тәні мәні нешегі тең
  • Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді.
  • Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз
  • 1 жылда неше ай бар
  • Ең нашар баға
  • Туған күнің қай күн?
  • 5 сыныпта жасың нешеде болады?
  • 12.Қай көшеде тұрасың?
  • 13.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

5 кезең  «Сәйкестендіру» бұл кезеңде әр топ дұрыс жауаппен сәйкестендіреді.

1-топқа

1. Ең үлкен бір таңбалы сан.             Азайту
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш.       Үш
3. 4 онд.                                                  Тоғыз
4. Бір таңбалы сан.                             Шаршы
5. Кеміту амалы.                                  Қырық

2-топқа

1. Бір таңбалы сан                                 Уақыт
2. Геометриялық фигура.            Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі                                     Отыз екі
4. Уақыт өлшем бірлігі.                         Сүйір
5. 3 онд. 2 бірл.                                         Төрт

6 кезең  «Сиқырлы үшбұрыш» бұл кезеңде әр топ суретте неше үшбұрыш бейнеленгенін жылдам айту керек.

Мұғалім:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау.
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бірдей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің топ: « Зерек» тобы

Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

 

Біздің топ: « Жігер» тобы

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

 

Біздің топ: « Зерек» тобы

Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

 

Біздің топ: « Жігер» тобы

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

 

Біздің топ: « Зерек» тобы

Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

 

Біздің топ: « Жігер» тобы

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

 

 

 

 

Бағалау парағы

Кезең

Ұпай саны

І топ

«Зерек»

ІІ топ

«Жігер»

1

«Кел, танысайық!»

1-5

   

2

«Математикалы эстафета»

1-5

   

3

«Ойлан, тап!»

5-10

   

4

«Логикалық сүрақтар»

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

   

5

«Сәйкестендіру»

5-10

   

6

«Сиқырлы үшбұрыш»

1-5

   

Жалпы ұпай саны

   

Орын

   

 

Әділқазы мүшесі: _________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үй иесі мен ұрылар»

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда адам  нешеу, ұры қанша?

 

 

«Күлшеқыз»   

Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер.

 

 

 

 

 

«Шаштараз »   

Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? 

 

 

«Бір мая шөп»   

Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?

 

1. Ең үлкен бір таңбалы сан.            Азайту
 

 

2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш.    Үш
 

 

3. 4 онд.                                       Тоғыз
 

 

4. Бір таңбалы сан.                     Шаршы
 

 

 

5. Кеміту амалы.                         Қырық

 

1. Бір таңбалы сан                    Уақыт
 

 

2. Геометриялық фигура.         Төрт
 

 

 

3. Бұрыш түрі                           Отыз екі
 

 

 

4. Уақыт өлшем бірлігі.            Сүйір
 

 

 

 

 

5. 3 онд. 2 бірл.                      Төртбұрыш

 

 

 

Қызықты математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, викторина, АКТ, ойыншық телефон, фигуралар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
-амандасу;

-оқушыларды түгендеу

Сабағымызды бастамас бұрын алдымыздағы фигураларды тандап алып, фигуралардағы көбейту кестесі бойынша екі топқа бөлінейік.

«Сөзжұмбақ»

1-топ

1.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз?

2.Уақыт өлшем бірлігі?

3.Бір таңбалы сан?

4.Бір сағатта неше минут бар?

 

Ш

Е

Ң

Б

Е

Р

Ғ

А

С

Ы

Р

   
   

Е

К

І

   

А

Л

П

Ы

С

   

2-топ

1.Бұрыш түрі

2.Кеміту амалы

3.4 ондық пен 0 бірліктен тұратын сан

4.«Арифметика» грек тілінең аударғанда

   

Д

О

Ғ

А

Л

А

З

А

Й

Т

У

 

Қ

Ы

Р

Ы

Қ

   
 

С

А

Н

     

 

«Сиқырлы ұяшықтар». Ой ұшқырлығына құрылған есептер
 

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)

2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

3.12 айда шамамен неше жексенбі бар? 53

4.Үй тышқанның неше құлағы бар? екі

5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)

6. . Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

7. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)

9. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? \2\

«Баспалдақ» ойыны

1-топ

1.27837+4529/32366

2.89266+14657/103923

3.47801+9098/56899

5.279+56/335

6.577+44/621

7.181+438/664

8.1205+796/2001

2-топ

1.35628+6774/42402

2.313+88401

3.9339+23456/32795

4.94+628/722

5.53460+7985/61445

6.166+255/421

2088+233/2321

Математика – барлық ғылымдардың патшасы. \Қосымша мәлімет\
1. Қытай мен Жапонияда 4 санын ешкім атамауға тырысады. Себебі, олардың түсінігінде бұл сан «өлімді» білдіретін көрінеді.

2. Израильдіктер қосуды, яғни «+» жазбайды. Оның орнына Т деп жазады екен.

3.Ежелгі Римде 0 саны мүлдем қолданылмаған. Егер, сенбесеңіз, римдік сандарды қарап көріңіз.

4.Гипатия есімді грекиялық келіншек әлемдегі тұңғыш математик әйел болып саналады. Ол біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларында Александрия қаласында өмір сүрген екен.

Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.

Математикалық телефон ойыны
Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).
Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары көмектесуіне болады.

1. 25 тің квадраты \625\

2. 3 А сыныбында 25 оқушы бар. 3 Б сыныбында олардан 7 оқушы артық. 3 Б сыныбында неше оқушы бар? \32\

3. Ең кіші екі таңбалы сан? \99\

4.Сыныпта 9 ер бала және ер балаға қарағанда 3 есе артық қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше оқушы бар? \27\

5.28 м 36 дм +58 м 47 дм \86 м 83 дм\

6.Ұзындығы 4 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың периметрі нешеге тең? \12 см\

Адамдар санауды қалай үйренді? \Қосымша материал\


Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады.
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
 

1.Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

2.6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

3.Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

4.11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


5.Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
6.Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
7.100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
8.Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

 

 

Просмотров: 944


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст