Пән: математика Күні: 24.01.2020 жыл Сынып: 4 |
Мұғалімнің аты – жөні: Мектеп: Қызылтаң орта мектебі |
Қатысқандар:9 |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру. |
|||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: |
4.5.1.9** артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу 4.3.3.1 қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес есептеулер жүргізу; 4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу; 4.5.2.5 ақпаратты түсіндіру, салыстыру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастыру |
|||||
|
||||||
Пәндік нәтиже |
Оқушылар қуып жету қозғалысына берілген жақындау жылдамдығының формуласын қолдануға, өзара кері есептер құруға үйренеді |
|||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: артынан қуып жету қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешеді |
|||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
-артынан қуып жету қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешеді |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: артынан қуып жету қозғалысына берілген есептерді теңдеу құрып шығаруды түсіндіру. |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыстар |
Ресурстар |
|
|||
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі 2 минут |
Оқушылармен амандасу. Математика керек әр күнге, Математиканы оқимыз, Миымызға тоқимыз.
|
Интербелсенді тақта Слайд № 1 ,2 |
|
|||
Үй тапсырмасын тексеру 3 минут |
Үй жұмысын тексеру № 7 есеп бойынша әр заттың биіктігін табу. №9 Есепте сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығару.
1)a= 5 см в = 4 см V = 40 cм 2 С = ? см Ш: с= V : (а * в) = 40 : (5*4)= 40:20 = 2 см 2) a= 4 см в = 3 см V = 12 cм 2 С = ? см Ш: с= V: (а*в) = 12 : (4 * 3 ) =12: 12 = 1 см 3) a= 7 см в = 4 см V = 280 cм 2 С = ? см Ш: с= V : (а * в) = 280 : (7 *4)= 280 : 28 = 10 см Жауабы: сыйлық қорабының биіктігі – 10 см Есепті әр балаға оқытып. Жақсы орындаған балаға мадақтау айту. |
Слайд № 3,4,5,6 |
|
|||
Басталуы 1 мин |
Ал, балалар, бүгін бізде математика сабағынан ашық сабақ Тақырыбымыз: Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру. Мақсатымыз: Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді шығарасың. Ендеше барлығымыз бүгінгі сабақта осы мақсатқа жетуіміз керек |
Слайд № 7 |
|
|||
Топқа бөлу 1 минут |
Балмұздақ таяқшасы арқылы топқа бөлу. |
Таяқшалар |
|
|||
Миға шабуыл |
Үстел үстінде жатқан (S, V, t) жылдамдық, уақыт, қашықтық бойынша формула құрастыр. Содан соң әр топ формуланы құрастырып, түсіндіреді. |
|
|
|||
Сызбамен жұмыс |
Енді сен екі дененің қозғалысымен байлансты барлық формулаларды білесің. Сыззбада көрсетілген әрбір жағдай нені көосетіп тұрғанын түсіндір. Қозғалыстың түрін ата.
|
Слайд № 8 |
|
|||
Шығармашылық жұмыс |
Сызбалар бойынша есептер құрастыр.
VМысалы: а) Бір бағытта келе жатқан екі автокөліктің арақашықтығы 80 км. Артында келе жатқан автокөліктің жылдамдығы 70 кмсағ. Егер ол алдында келе жатқан автокөлікті 2 сағаттан кейін қуып жетсе, онда алдында келе жатқан автокөліктің жылдамдығы қандай? 1) 80 : 2 = 40 (км/сағ) – жақындау жылдамдығы. 2) 70 – 40 = 30 (км/сағ) – алдында келе жатқан автокөліктің жылдамдығы Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз Дескрипторы: -нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс бағытын (бір-біріне қарама-қарсы, бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта) анықтай алады -бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара алады. -Қозғалыс графиктерін құрып, қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастыра алады. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау1= 70 км/сағ Жауабы: екі ауылдың арасы 120 км |
№9 |
|
|||
Өзіндік жұмыс |
Оқулықпен жұмыс № 3 Қыз бала марғауын жоғалтып алғанын олардың арақашықтығы 50 м болғанда байқады. Олар бір уақытта жүгірсе жөнелді. Марғау 5 м/с жылдамдықпен қашты, ал қыз оны 7 м/с жылдамдықпен қуды. Неше секундтан кейін қыз марғауды қуып жетеді?
|
Слайд № 10 |
|
|||
№ 4 Есеп |
Есепті шығар
|
Слайд № 11 |
|
|||
№5 |
Тақтамен жұмыс Теңдеулерді жаз және оларды шеш. А) 27 401 мен к сандарының бөліндісі 398 бен 119 сандарының қосындысына тен 27 401 : k= 398+ 119 К = 27401 : 517 К = 53 27401:53 = 398+ 119 517= 517 Ә) д мен 863 сандарының айырмасы 39 565 пен 205 сандарының бөліндісіне тең. Д- 863 = 39565: 205 Д-863= 193 Д= 863+193 Д= 1056 1056-863 = 39565 : 205 Б) 5 020 мен з сандарының қосындысы 36 054 пен 23 сандарының көбейтіндісіне тең. 5 020 + z = 36 054 • 23 5 020 + z = 829 242 z = 829 242 – 5 020 z = 824 222 5 020 + 824 222 = 36 054 • 23 824 222 = 824 222 |
Слайд № 12,13 |
|
|||
№ 6 есеп Қай топ шапшаң? |
Амалдарыдың орындалу ретін анықтап, оларды есепте. (10 025 : 25 + 8 549 600) – 10 335 : 39 = 8549736 |
Слайд № 14,15
|
|
|||
№ 7 |
Топтық жұмыс 6-тапсырманы «Сын тұрғысынан сұрақтар» әдісі арқылы орындайды. Берілген сұрақтарға топпен жауап береді. Мотоциклдің, автокөліктің бастапқы қозғалысы туралы не айтуға болады? Жолға шығар алдында олар бір-бірінен қандай арақашықтықта болды? Қанша уақыттан кейін кездесті? Кездескенге дейінгі олардың жылдамдығы нешеге тең? Графикте неліктен жоғары көтерілмейтін және төменге түспейтін жерлер бар? Қалай ойлайсың, бұл нені білдіреді? Көліктердің тоқтағаннан кейінгі жылдамдығы қандай? №7 тапсырма«Пирамида» әдісі. Оқушылар пирамидаға есептің шартын, шешуін, жауабын жазады. Оқушылар есепті шығарудың екі тәсілін ұсынады. Алаң аудандары бірдей кішігірім бөліктерге бөлінді. Ұзындығы – 32 м, ені 16 м болатын 9 бөлік шықты. Алаңның ауданы қандай болған? 1-тәсіл: Бір бөліктің ауданын есептеуге болады: 1) 32·16 = 512м2 Алаңның ауданын есептейді: 2) 512 · 9 = 4 608м2 2-тәсіл: Алаңның ұзындығын табуға болады. Алаңның ұзындығын үш бірдей бөліктің ұзындығын құрайды. 1) 32·3 = 96м – алаңның ұзындығы Алаңның енін анықтаймыз, бір бөліктің 3-ке көбейтеміз. 2) 16·3 = 48м – алаңның ені Алаңның ауданын табамыз. 3) 96·48 = 4 608м2 – алаңның ауданы ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау №7тапсырма «Кім жылдам?» ойыны арқылы оқушылар жұппен орындайды Сен зерттеушісің№9-тапсырма Оқушыларға «Білім шыңы» кері байланыс постері түсіндіріледі. Стикерлер таратылады. Оқушылар өздері қалаған шың басына жабыстырады. |
Слайд №16,17 |
|
|||
№ 9 Сен зерттеушісің |
Назар аудар! Сандар тізбегінде қосарланған қатарлар бар. Сандар тізбегінің жазылуы заңдылығын анықтап, қалдырылған сандарды жаз.
|
Слайд № 18,19 |
|
|||
Рефлексия |
Бүгінгі өткізген сабақ бойынша талдау жасайық.
|
Слайд № 20
|
|
|||
Қорытынды. |
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? |
21 |
|
|||
|
|
|
|
|||