«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтан тыс іс-шара «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы»

«Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы»

 

Серкенова Г.Б. химия пәні мұғалімі

 

Мақсаты: 7-9 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіледі. Химиялық реактивтердің қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.

7-9сыныптар арасында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!

 

«Қызықты химиялық  тәжірибелер алаңы»

1-ші тәжірибе. «Бағдаршам жасау»

2-ші тәжірибе. «Ерітіндінің түсін өзгерту»

3-ші тәжірибе. «Көпіршіктер жасау»

4-ші тәжірибе. «Химиялық өрт сөндіргіш»

5-ші тәжірибе. «Ашытқының көмегімен үрленген шар»

6-шы тәжірибе. «Жалынды жылан»

7-ші тәжірибе. « Сүттің құпиясы»

8-ші тәжірибе. « Стакандағы  лава»

 

1-ші тәжірибе. «Бағдаршам жасау»

Бұл тәжірибе ерітіндінің түсін тез өзгертуіне байланысты «бағдаршам» деп аталады.Алдымен калий перманганатын суға аз мөлшерін ерітеміз,қантты суға ерітеміз,ерітіндіні бір –біріне қосамыз да үстіне сілті немесе кәріз тазалайтын сұйықтықтан құямыз.Таңқурай  түсті ерітінді алдымен көк түске сосын жасыл түске соңынан сары түске өзгереді.

2-ші тәжірибе. «Ерітіндінің түсін өзгерту»

Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз,жасыл түсті ерітінді пайда болды.Оған  сутегінің асқын тотығын бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш  сұйықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.

 3-ші тәжірибе. «Көпіршіктер жасау»

Сұйық сабынның 20 мл алып, оған марганцовка ерітіндісін және сутегінің асқын тотығын құйып араластырамыз. Көпіршіктер көлемі ұлғая береді.

4-ші тәжірибе. «Майшамды үрлемей өшіру »

 Ас содасынан 1-2 қасық тарелкаға  салып, оған сірке суынан құямыз. Көмірқышқыл  газы бөліне бастағанына көз жеткіземіз.Жанып тұрған майшамға жақындатсақ майшам өшеді, себебі көмірқышқыл газы ауадан ауыр  болғандықтан ыдыста жиналады және ол жануды қолдамайды.

 5-ші тәжірибе. «Ашытқының көмегімен үрленген шар »

 Шарды тек ауызбен ғана емес немесе арнайы құрылғымен үрлеуге болады деп ойлаймыз, бірақ та олай емес. Онда бұл  тәжірибе тек балаларды ған емес, сізді де қызықтырады. Ашытқыны дайындап қоямыз.

Тәжірибеге керек заттар:ашытқы, бос пластикалық құты, 1 ас қасық қант, жылы су, шар.3

Бос құтыға кішкене жылы  су құямыз.Ішіне ашытқы салып, араластырамыз.Содан соң қант қосып, шайқаймыз.Шарды 1-2 рет үрлеп ауызбен, желін шығарамыз.Ол шардың ішінен жабысып қалмауын қамтамасыз етеді.Содан соң құтының аузына бекітіп қоямыз.Құтыңы жылы жерде  20 минутттай ұстаймыз.Бәрі дұрысжасалса шар өздігінен үрлене бастайды.

 

 

6-ші тәжірибе. « Жалынды жылан »

Темір ыдысқа екі дәріні қойып, оттың көмегімен жандырамыз.Дәрі жанған кезде жылан пайда болады.

7-ші тәжірибе. « Сүттің құпиясы»

Пешке арналған тегіс таба.

Майлылығы 3,5% кем  болмайтын сүт.

Ас бояғыштар, ыдыс жуатын сусабын.Ыдысты толтыратындай  сүт құйыямыз.Үстіне әр жерден ас бояғяштарының 6-8 тамшысын қосыңыз.Әр тамшының үстіне  ыдыс жуатын сусабынның  шамамен  5 тамшысын тамызамыз.Енді балалармен бірге  басталған шоуды тамашалауға болады.

 

8-ші тәжірибе. « Стакан ішіндегі лава»

 Су ішетін стакан, өсімдік майы, 1 шай қасық тұз, су, ас бояғыштар.

  1. Стаканның ¾  бөлігінін сумен толтырыныз.
  2. Шамамен 5 тамшы бояғяышты қосыңыз.Лава ұқсас  болу үшін қызыл түсті болғаны дұрыс.
  3. Өсімдік майын ақырындап қоса бастаймыз.Майдың су жиналып жатқанын бақылаймыз.
  4. Майдың бетіне тұз себеміз.
  5. Май  түйіршіктерінің  лава  сияқты жоғары- төмен  жылжып жатқаның көруге болады.

 

Біз бәріміз келер болашақтың ұрпағымыз.

Химия - қызықты да, күрделі ғылым. Біз ғылымның жаңа баспалдағына, заттар, элементтер әлеміне кірдік. Бір заттың екіншіге айналатындығына көз жеткіздік, өз қолымызбен тәжірибе жасадық. Әлі алда қаншама танысатын, оқитын, үйренетін нәрселер бар...

Химия ғылымы басқа да ғылымдармен мәселен, математикамен, физикамен, биологиямен тығыз байланысты. Химия адамдардың өміріне қажетті жағдай жасайтын ғылым. Сондықтан да оны оқып-үйренуіміз абзал, жас дос! 

Жаңартылған күні: 10.02.2020 00:04
Құрылған күні: 10.02.2020 00:04

Текст