Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту,
Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Ақнұр: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.
Аслан: Қойшы, Ақнұр, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, түрлі тапсырмалар мен түстен кейін тарихи кештерге бару керек. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.
Ақнұр: Қателесесің Аслан, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс көптеген іс-шаралар өтетін боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр.
Аслан: Е-е, солай ма, ендеше тындап көрейін.
Ақнұр: Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен.
Аслан:
Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Ақнұр:
Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім бе,саған менің өткенім,
Білесің бе, халқын азап шеккенін,
Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?
«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге көтерілді,білдің бе?
Мансұқ етіп еліктірген ермекті
Тарихыңның қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп азат күн
Неткен аштық қырып салған қазақты.
Ел басына кімдер әкеп төңкерді.
Отызыншы жылдардағы азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл сен де!
Аслан:
-Неткен ғажап сөздер, дұрыс айтыпсын Ақнұр ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке де 28 жыл толғалы жатыр.Ортаға 5-7 сынып оқушыларын өлең шумақтарымен шақырамыз.
Ақнұр:
Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған.
Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!
Аслан: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Ақнұр:
Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.
Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!
Аслан:
Алматы қаласындағы Республика алаңы –Тәуелсіздіктің тал бесігі. Осы жерде 1986 жылғы 16,17,18- желтоқсанда қанды оқиға болды. Қаншама қазақ жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың орнына ресейлік Г.Колбиннің тағайындалуына қарсылық білдірді. Ағаларымыз тепкі көрді. Апаларымыздың бұрымынан сүйреді. Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат, Ерболдай ағаларымыз, Сәбира, Ләззат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып құрбан болды. Сондықтан Тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының рухы асқақтаған күн. Ол ұмытылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі.
Ақнұр:
Ортаға 8-сынып оқушылары
Аслан:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!
Бүгін біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, ақша қардай кіршіксіз күйінде болашақ ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Тек сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болып қалмақ.
Ақнұр:
Ортаға 5-8 сынып оқушыларының орындауында «Туған жер» әнімен.
Аслан:
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді, сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздер білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет.
Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жылдық мерекелеріңіз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Қызылтаң орта мектебІ
Тарих апталығы
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім»
Өткізген: Бакиров Д.Р
2019-2020 оқу жылы