«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» атты тарих апталығына сараптама.

               9.12.2019 ж мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында 10 сынып оқушылары Мұрат Ақнұр мен Муханбетхали Аслан жүргізуші болды. Сонымен қатар 5 - 8 сынып оқушылары қазақ тарихы мен тәуелсіздік туралы өлеңдер мәнерлеп оқылды. Оқушылардың орындауында тәуелсіздікке дейінгі, тәуелсіздік алған жылдары және де қазіргі заманның тарихын атап шықты. Жүргізушілердің тарих апталығының ой, түп мағынасын және тарихты білуін болашаққа бағдар жасай білуге септігін тигізді деп ойлаймын. Шағын іс-шарамызды барлық сынып оқушыларының орындауында ҚР-ның халық әншісі Роза Рымбаеваның «Тәуелсіз Қазақстан» әнін сомдады. Тарих пәнінің мұғалімі Бакиров Д.Р әр сыныпқа тапсырмалар берілді. Жоспармен таныс болды. Жоспар ілінді.

               9.12.2019 ж «Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге» атты кітаптар көрмесі өткізілді. Ауылдық кітапхана кітап баспасына бай емес, бірақ та тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары мен тәуелсіздікке қалай жеткеніміз, тәуелсіздік туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Сайран апай.

            «Н.Ә.Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989–1991 жылдар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері кіргізіліп отыр.

                10.12.2019 ж «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты суреттер байқауы өткізілді. Сурет байқауына жоспар бойынша 5-9 сыныптар аралығындағы оқушыларға рұқсат берілді. Сурет жетекшісі Мендикина М.Қ. Сынып оқушыларының сурет таланттарына қарай 9 сынып оқушылары белсенді де суреттері өте әдемі салынғандықтан, Төлеген Арлан, Байсеитова Аяжан белсенділігі үшін марапатталса, Капышава Наргиза 1 орынға ие болды.5 сынып оқушылары Аубакирова Жанель мен Байсеитова Дания, 6 сыныптан Мұрат Мерей, 7 сыныптан Муханбетхали Ақерке, Махамбетова Даяна, 8 сыныпта Абылайхан Сабрина мен Жакашева Зарина белсенділігі үшін марапатталды. Оқушылар жыл сайын өз өнерлерін шыңдап, көз жалымын алатындай қылып бояп басқа сынып оқушыларына үлгі, тәрбие берген шығар деп үміттенемін.

                10.12.2019 ж «Ұлы Отан соғысының аяқталуына 75 жылдығы» мерейтойына арналған кеш өткізілді. Бұл іс-шарада 9-10 және 11 сынып оқушылары қатысты. Әр бір сыныпқа үйге берілген тапсырмалар бойынша дайындалып келді. Сыныптар слайд бойынша мынадай тапсырмаларды қорғады: 9-сынып оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы болса, 10-сынып оқушылары соғыс жылдарындағы тыл ардагерлері туралы қорғады. 11-сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ батырларының ерліктері мен батыр атағын алған аталарымыз жайлы толық түсіндіріп шықты. Мұғалім Ұлы Отан соғысының басталу себебін түсіндірген болатын. Сұрақ-жауап арқылы кешіміз өтті. Мұғалімдер де өз ойларын аталарының соғыста қалай болғанын, жарақаттары туралы өз ойларын ортаға салды. Іс-шарамыз аяқталарда мұғалімдердің оқушылардың қандай жақсы дайындықпен келгендерін айтып, мақтап кетті.

                11.12.2019 ж. Салтанатты сап түзеу «Жас ұлан ұйымына қабылдау» рәсімі өтілді. Аға тәлімгердің бастауымен Жас ұлан ұйымының басшысы 9-сынып оқушысы Төлеген Арлан Жас ұлан ұйымының туын шығарды. Әр бір сынып оқушыларының басшылары Жас ұлан ұйымының басшысына топ ұраны мен рапорт тапсырды. Рапорт тапсырып болған соң, 5-сынып оқушыларын ортаға шақырып, ант қабылдау рәсімі болды. Онда мектеп директорының атқарушы қызметшісі  Темирбаева Г.С төс белгі мен галстуктары тағылды. Осымен аға тәлімгер Жас ұлан ұйымының басшысы ауысуы туралы айтып кетті. Мектептің белсенді оқушысы, аудандық, облыстық квн жеңімпазы Аккузов Адай болды. Осымен салтанатты сап түзеуіміз аяқталды.

               11.12.2019 ж Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешенді жарыс өтті. Мұнда АӘД пәнінің мұғалімі Негметжанов О.С пен денешынықтыру пәнінің мұғалімі көмек жасады. Әділқазылар мұғалімдерден құралып, балдарын санап отырды. 8-11сыныптар аралығында екі топқа бөлініп, 4 оқушыдан болды. Екі топ бойынша тартылу, нысанаға дәлдеп ату, оқжақтарды жинау және газтұмылдырықты уақытқа кию және жинау жарыстары болды. 1-топта Саида, Адай, Арлан, Сабрина ал, екінші топта Ильяс, Зарина, Ақнұр, Алибек атты оқушылардан тұрды. Екі топ та алма кезек бір-бірін озып екі топта да бірдей ұпай жинады. Соңында 5 оқтан нысананы дәлдеп атуға рұқсат берді. Сөйтіп бірінші топ жеңімпаз атанды. Жарыс өте қызықты өтті.

              12.12.2019 ж «Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық» атты ашық сабақ өтілді. 11-сынып оқушылары 4 оқушыдан тұрды. Ұйымдастыру кезеңінен оқу құралдары мен салемдесуден басталды. Оқушылардың санына байланысты жеке және жұптық тапсырмалар орындалды. Мұғалімнің сабақ тақырыбын ашу мақсатында суреттерді көрсетіп,  түсіндіріп кетті. Тұрар Рұсқылов пен Голощекин туралы мағлұматтарды айтып талқылап кетті. Презентация арқылы мұғалім тақырыпты түсіндіріп кетті, ал тереңірек үңілу үшін мәліметтер таратылды және де тапсырмалар таратылды. Тапсырмалар мынадай: сөзжұмбақ, мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру болды. Сабақтың екінші бөлімін видеобаянмен көрсетіліп сұрақ-жауап арқылы талқыланды. Сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын тапсырды. Сабақты қорыту үшін сұрақ-жауап арқылы түген тақырыпты қорытты. Сабақ соңында үй тапсырмасына эссе берілді таңдау бойынша екі тақырып.Сабақ негізі жақсы, қызықты, мағыналы өтті. Сабақ құрылымы құрылымды, тәрбиелік мәні бар сабақ болды.

                12.12.2019 ж «Тарих қадамдары» атты интеллектуалдық-танымдық сайысы өтті. Бұл сайыс 7-8 сыныптар аралығында өтті. Әділқазылар Абдирзакова Ж.А мен Темирбаева Г.С сайланды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Олар мынадай:

1. Топ аты мен ұраны

2. Миға арналған жаттығу

3. Терминалогия

4. Математикалық шкатулка

5. Ғалымдар айтады

6. Ел тарихының білгірлері

                     Сайыс бойынша әділқазылардың қорытындысы 8 сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Сайыс өте қызықты, алма-кезек ұпайларды жинап, жеңіске 8 сынып ұпай айырмашылығымен жеңді.

                  13.12.2019 ж «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағаты өтті. 7-сынып оқушысының сынып жетекшісі  Серкенова Г.Б. Тәрбие сағаты ұйымдастырумен басталды. Шаттық шеңбері өткізілді. Оқушылар өлең шумақтары, желтоқсан оқиғасының құрбандарының өмірбаянымен таныстырып, ән орындалды тәуелсіздікке арналған. Оқушылар өте белсенді, мұғалімнің сұрақтарына қатесіз жауаптары, тапсырмаларды орындауы жауапкершіліктері жоғары екені көрініп тұр.

                  13.12.2019 ж «Тәуелсіздікке орай патриоттық әндер» жабылу салтанаты өтті. Мұнда жетекшілік еткен Абдильман З.А. Жүргізушілер Жакенова Аружан мен Мұрат Ақнұр өткізді. Іс-шара басталысымен ардагер ұстазымыс Құдайберген С.Қ-қа сөз берілді. Жабылу салтанатын қазақ биімен 7-9 сынып оқушылары бастады. 4-сынып оқушылары мен 8 сынып оқушысы Аккузов Адайдың қатысуымен квн өткізді. Мектеп мұғалімдері Абдильман Замзагуль мен Анар екеуінің орындауында ән  орындады. Мектеп оқушыларының орындауында хор мен соңғы ән орындады. Оқушылардың бұл кешке жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды.

                   Осымен тарих апталығы қызықты, белсенді, оқушылардың тапсырмаларды орындағаны үшін және де іс-шараларда белсенді қатысқандары үшін диплом және сыйлықтармен марапатталды. Барлық іс-шаралар уақытымен  және өте белсенді өтілді.

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.01.2020 00:34
Құрылған күні: 14.01.2020 00:34

Текст