«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Биологиядан сыныптан тыс іс-шара: «Биология атағы кімге бұйырады»

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:  «Биология атағы кімге бұйырады»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Түрі: танымдық сайыс.     

Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Биология атағы кімге бұйырады» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушылар 7-8-9 сынып оқушылары.

Мұғалім:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер- деп бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері:

1 кезең «Таныстыру»

2 кезең «Бәйге»

3 кезең «Анықтама бюросы»

4 кезең «Қызықты сұрақтар»

5кезең  «Төрт сурет бір жауап»

6 кезең «Әзілді биология»

7 кезең «Кім өнерлі кезеңі»

8 кезең «Шығармашылық жұмыс»

Мұғалім:

Асыл тастан, өнер жастан шығады,

Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.

Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,

Баға берер әділқазы құрамы.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Директордың оқу жөніндегі орынбасары – Бакиров Дамир Рамазанович

Жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі – Серкенова Гулдана Болатхановна

Мұғалім:

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсендер

Ортаға салындар барларынды-деп сайысқа қатысушы топтарға  сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.

І-топ «Табиғат»

ІІ-топ «Өсімдік»

 

І-ші кезең «Таныстыру»Топтың аты, эмблемасы.

(Әр топ өздерін таныстырады)

ІІ-ші кезең «Бәйге» әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 топ.

1.Алғаш жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)

2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (окуляр)

3.Қанға қызыл түс беретін қан жасушалары (эритроцит)

4. Жасыл эвглена ненін көмегімен қозғалады (талшық)

5.Адам денесіндегі сүйектер саны (200 –ден аса)

6.Бауырақты ұлуларды атаңдар (жүзім ұлуы, тоспаұлу, жалаңаш шырышты, қошқармүйіз)

7.Өсімдіктерге жасыл түр беретін пластид (хлоропласт)

8.Бас сүйек бөлімдері (ми сауыты мен бет бөлігі)

9.Ересек адам миының орташа салмағы (1300-1400 г)

10.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)

2 топ.

1.Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (ядро)

2.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (айна)

3.Қанның ұюына қатысатын қан жасушалары (тромбоциттрер)

4.Амебаның қозғалуы (жалғанаяқтарымен)

5.Басаяқты ұлуларды атаңдар (сегізаяқ, кальмар, каракатица)

6.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы (имаго)

7. Өсімдіктерге қызыл-сары түс беретін пластид (хромопласт)

8. Тұлға қаңқасы тұрады (омыртқа жотасы, қабырғалар және төс сүйегі)

9.Ересек адамның жүрегінің салмағы (250-300 г)

10.Өсімдіктердің генеративті мүшелері (гүл мен тұқым)

ІІІ-ші кезең «Анықтама бюросы» интерактивті тақтада көрсетілген жануарлар төлдерінің түрлерін табыңдар.

І-ші топ:

1.Мысықтың төлі-марғау

2. Сиыр төлі –бұзау.

3. Арыстан төлі-абадан

4. Қаз төлі –мамыр

5. Түйе төлі-бота

ІІ-ші топ:

1.Аққу төлі-көгілдір

2. Ешкі төлі-лақ.

3. Жолбарыс төлі-шөнжір

4. Түлкі төлі –түлкішек, мышай.

5.Қой төлі-қозы

ІV-ші кезең«Қызықты сұрақтар» тақтада бейнеленген құстардың тұмсығында сандар көрсетілген, әр санда қызықты сұрақтар жасырылған.

І-топ

1.Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)

2.Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)

3.Ең биік ағаш (Пальма)

4.Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша)

5.Ең кішкентай құс? (колибри)

ІІ-топ

1.Ең алып құс (Түйеқұс)

2.Жемісі парашютке ұқсас өсімдік (бақбақ)

3.Ең тез өсетін өсімдік (Бамбук)

4.Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)

5.Ең  кішкентай  ит? (чихуахуа)

 

V кезең «Төрт сурет бір жауап» интерактивті тақтада төрт суретті байланыстырып тұрған жасырын сөзду табу керек.

І топ

1.Бунақденелілер

2.Қанат

3.Сезім

4.Табиғат

5.Жасуша

ІІ-топ

1.Сүтқоректілер

2.Қауырсын

3.Шырынды

4.Мүше

5.Өсімдіктер

VІ-ші кезең: Әзілді биология

10. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады? (моль)

20. Сәттілік: Қайсысының аяғы көп: бес осьминогта ма әлде төрт кальмарда ма? (бірдей)

30. Бірдей екі зебраның болуы мүмкінбе? (жоқ)

40. Арыстан мықты ма әлде жолбарыс мықты ма? (жолбарыс)

50. Китті акула (китовая акула) адамды толығымен жұта ала ма? (жоқ, ол тек планктондармен қоректенеді)

10. Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (қына)

20. Қандай аурудың аты латын тілінен аударғанда «тұншықтыру» деген мағынаны білдіреді? (ангина)

30. Қазақта «түйме» деп қандай жануарды атайды? (жылан)

40. Жапонияның елтаңбасында бейнеленген «ақ айдаһар гүлі» қалай аталады? (хризантема)

50. Американың Брюнкс қаласында хайуанаттар бағының қызметкері баққа кіре берісте кәдімгі айнаны іледі де, астына жазу жазып қояды. Онда не жазды деп ойлайсыздар? (Сіз жер бетіндегі ең қауіпті жыртқышты көріп тұрсыз....)

VІІ-ші кезең«Кім өнерлі кезеңі» әр топтың топбасшысы шығып екі конверттен алады, ішінде тапсырма жазылған, соны образға еніп,қимылмен көрсету керек.

І-топ

1.Гүлдің солуын қимылмен көрсету.

2.Таңертен ерте тұрған қораздың даусын салы.

ІІ-топ

3.Судан шығып қалған балық

4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан.

VІІІ-ші кезең«Шығармашылық жұмыс »

 Қорытынды.

Қазіргі білім – ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр- бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры. Сондықтан білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасайық.

Мұғалім:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам?

Таланттарын табайық.

Әділқазы алқасы

Сараласын бағалап

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап ,-дей келе сөз кезегін әділ –қазылар алқасына берейік.

Жарыс соңында екі топ мақтау қағаздарымен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 26.01.2020 01:34
Құрылған күні: 26.01.2020 01:34

Текст