«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, Қоянның және т.б персонаждардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Сиқыршы, Ит,Тауық, балалар, ата – аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Хор: «Жаңа жыл» ән айтту
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған Барыс жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.
Барыс:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай мерекеде,
Қарсы алыңдар Қоян жылын.
2-жүргізуші:
Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. Би «Клоундар» биі
1-жүргізуші:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Музыка (жаңа жыл)
Ортаға Қоян шығады.
Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Барыс: Жаңа жыл қош келдің. Балалар бір жылға есейді. Қоян сен де жақсы жыл бол.
Сиқыршы: Иә, қош келдің, Қоян. Сенің жыл болып кіруіңе көп уақыт қалған жоқ. Сиқырлы сағатымды алып, уақытты көрейін. (Шыршаның астында жатқан сағатты іздей бастайды). Қайда кеткен, сиқырлы сағатым жоқ. (Осы кезде Қарақшы шығады, қолында оралған зат бар).
Сиқыршы: Олай болуы мүмкін емес. Жаңа жыл уақытымен кіру керек! Қарақшы, сенің қылығың дұрыс емес. Иә, балалар!
Балалар хормен: Иә!
Қоян: Енді не істейміз? Жаңа жыл болып кіре алмаймын ба?
Барыс: Мұңаюға болмайды, сиқырлы сағатты қайтаруымыз керек! Екеуіміз Қарақшыны тауып алайық! Жолға аттанайық!
Сиқыршы: Иә, сағат 12-ні соққанша, Қарақшыдан Сиқырлы сағатты алып қою керек!
Музыка ойналады «Белоснежка мен жеті Гном» ертегісінен. Ортаға шығып билейді. Билеп болған кезде Барыс пен Қоян кіреді.
Гном: Бұл Гномдар патшалығы. Біздің Аппақ қардай сұлу ханшайымдарымыз бар!
Гном: Жоқ, көрген жоқпыз! Келген жоқ.
Ойыннан кейін «Маша және Аю» мультфильмнің музыкасы ойналады. Ортаға мультфильмкейіпкерлері шығып, би билейді. (Осы кезде Қоян мен Барыс кіреді).
Қоян: Маша, Даша, Аю мен сендерді білемін. Мен сендер туралы мульфильмді қызыға қараймын.
Барыс: Мен де сендерді танып тұрмын. Бірақ біз асығыспыз. Қарақшыны іздеп жүр едік. Көрген жоқсыңдар ма? Ол Жаңа жылдық мерекесінен Сиқырлы сағатты ұрлап кетті.
Маша: Жоқ, көрмедік.
Ән «.....................................................»
Музыка ойналады Снеговиктар мен Эльзалар шығады.
Олар би билейді. Осы кезде Қоян мен Барыс кіреді.
Қоян: Сіздер кімсіздер? Біз қайдамыз?
Қыздар: біз «Мұз патшалығының» ханшайымдарымыз. Біздің патшалық суық.
Барыс: Қарақшыны іздеп жүр едік. Көрген жоқсыңдар ма? Ол Жаңа жылдық мерекесінен Сиқырлы сағатты ұрлап кетті.
(Осы кезде тоңған кісінің дауысы естіледі.)
Қоян: Жылынғың келсе, бізбен бірге шырша тойына бар. Ән айтып, би билеп, ойын ойнап, көңіліңді көтер, және жылынасың! Біздің сиқырлы сағатымызды қайтар!
Барыс: Иә, Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал!
Қарақшы: Жарайды, барсам барайын. Сиқырлы сағатты өзім табыс етейін!
Жүргізуші: Қош келдіңізлер! Қоян, Барыс сиқырлы сағатты алып келдіңдер ме?
Ойын «...........................................»
Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық! Жаңа жылдық мерекемізде ең сыйлы қонаңымыз жоқ . Жаңа жылда бізге қонаққа кім келуші еді?
Жүргізуші: кәне, бәріміз хормен Аязата мен Ақшақарды шақырайық. (Хормен айқайлап шақырады) Музыка ойналады. Қоңырау сыңғыры. Аязата мен Ақшақар кіреді.
Аяз Ата:
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.) Амансыңдар ма, балалар!
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Барыс жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қоян жылына табыс, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Аязата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Барыс жылы:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2023 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын Қоянға берем
2-Жүргізуші:Балалар ескі жылға да көп уақыт қалмады. Жаңа жыл таяп қалды. Бәріміз жаңа жыл деп дауыстап жаңа жылымызды шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл!!! 3 рет
(Ортаға Қоян шығады)
Қоян: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
(осы кезде сиқырлы сағаттың қоңырауы естіледі)
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ақшақар: Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
1-жүргізуші: Төрлет, төрлет Жаңа жылым! Өзіңнен жақсы үміт күтеміз. (Балаларға қарап) Жаңа жылды қарсы алуға келіп тұрған Аяз атадан кәмпит алғыларың келе ме?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,деп
Енді кезекті 1 сынып оқушыларының «Жаңа- жылға» арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Балалар ескі жылдың кетер уақыты таяп қалды. Ортаға ескі жылды шақырайық. – Барыс жылы біз сенімен қоштасамыз. Бұл жылы көп жетістікке жеттік. Көп куанышқа кеңелдік. Рахмет саған.
Барлығы: Қош бол, ескі жыл, қош бол.
2-жүргізуші: Балалар ендігі кезекті ойынға берейік.
Ортаға 3-4 сыныптан 1 ұл 1 қыз шығады. Шар үрлеуден жарысады. Кім шарды көп үрлесе сол жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық-деп
ЖҮРГІЗУШІ..Аяз ата балалардың сіздерге арнап дайындаған тақпақтарын тамашалаңыз.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Кетпей тұрып, әкелген сыйлықтарымды таратайын! Менің үлкен қабым қайда екен? (Кулектарды таратады) Енді кетуге де болады! Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аязата, Сау болАқшақар!
(Аязата менАқшақаршығып, кетеді)
Кешіміздің соңын «Шырша жыры» әнімен аяқтаймыз.
1-Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға! Құрметті қонақтар бүгінгі жаңа жылдық бағдарламыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет.
2-жүргізуші:Келген жаңа жылымыз қуанышқа толы жыл болсын.