Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезіммен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған
«Қызғалдақтай құлпыра бер» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілдің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен би өлең күй,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып.
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы
Дей отыра «Көрікті көктемді» ортаға шақырамыз.
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін.
Құшағым гүлге толсын деп,
Нөсерімді төгемін.
(Көктем қолында нөсер тамшылары болады, тамшыларды жан-жағына төгеді.)
Жүргізуші:
Ару көктем қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кеңелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем:
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін.
Сол гүлдерді өсіріп,
Аялаумен келемін.
Мен сіздерге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге өсірген гүлдер ханшайымдарын ала келдім. Гүлдер ханшайымдары ортаға шығып, аналарына тақпақтар дайындап келді.
Айзара:
Мен үшін не керек-бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың,
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Айша
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын сыйлаймын.
Мейрам сайын мен саған
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Ақниет:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші деймейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Кәусәр:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Айя:
Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін,
Ана ғана.
Ән: «Анажаным»
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, Ару көктем біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қарсы алыңыздар.
Тақпақтар:
Жасұлан:
Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр, жайды.
Бір тамшысын әкелсін,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті,
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелсін,
Анам,саған!
Нұрәділ:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса, бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Жандос:
Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін,
Ана ғана.
Дияр:
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен,
Бақытты ғой ұл-қыздар!
Құрмет:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Санжарбек:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз
Аят:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Әлімжан:
Өзің мен өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, ақ әжем.
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шаь болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!