«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты
онкүндіктің ашылу салтанаты
1- жүргізуші:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
2- жүргізуші:
Адами қарым –қатынастағы ең басты әдептілік-бұл сәлемдесу болып табылады.
Сәлем беру-имандылық,көргендік,мәдениеттіліктің белгісі.Олай болса,бір-бірімізге деген жылы ниетпен амандасып алайық.
2-жүргізуші.Бәрі бірге.
Армысың,Әлем!
Армысың,алтын Күн!
Армысың,Ұстаз!
Армысың,абзал дос!
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам Махаббаттан жаралған.
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып,нәр алған.
• Онкүндік мақсаты: балалар мен жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды адамгершілік құндылықтар әлеміне тарту болып табылады. қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту.
1-жүргізуші.
өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
- адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
- сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.
2-жүргізуші.
Сонымен бірге Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар арқылы «Алтын жүрек анамызға» алғысымызды,ыстық ықыласымызды,жүрекжарды лебізімізді білдіру.
1-жүргізуші
Сара Алпысқызы Назарбаева
“Бөбек” балалар қорының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы халықаралық сыйлығының, “Юнити” халықаралық сыйлығының иегері.
“Бөбек” балалар қорының тұңғыш Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ізгілік пен мейірімділік шартын сақтап өмір кешіп жүрген, жанының жылуын қорғансыз, жаутаң жандарға төгуден жалықпайтын, туған елінің арда қасиеттерін бойына сіңірген ғажайып әйел.
Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел таныған көш басшысы болып саналады
2-жүргізуші.
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Бөбек” балалар қоры – бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елдерде де мойындалған, белсене
қайрат көрсетіп жүрген қорлардың бірі.
Қор қызметінің басты бағыттары – ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен балалар үйін қамқорлықта ұстау, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен, қажетті керек жарақпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларды қолдап-қоштау, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу
1-жүргізуші
«Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін – өзі тану» білім жобасының авторы.
2-жүргізуші.
Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана
1-жүргізуші
Жағылды ма жүрегіме жаңа шам.
Ойлауменен өтеді ылғи оңашам.
Армандаймын, ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен,
Күн батарда атар таңға үңілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен
2-жүргізуші
Адамға тән 6 қасиет:
1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;
2. Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;
3. Тек ілгері бастайтын талабың;
4. Ешқашан алдамайтын тапқырлығың;
5. Қиындықта сыналатын қайратың;
6. Бәрінен күшті ететін ақылың мен білімің.
1-жүргізуші.
Адам болсаң,бұл ғалам бас иетін,
Болу керек адами қасиетің.
Ішінде бәрінен де биік тұрсын
Отанға,елге деген ақ ниетің.
1-жүргізуші.
Өзін-өзі тану-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.
2-жүргізуші.
Құндылығыңыз оң болсын,өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады.
1-жүргізуші.
Олай болса,адамға өмірден өз орнын таба білуге қажетті,арман-мақсат,талап, талғам ,тілектеріміздің орындалуына жол ашатын рухани-адамгершілік құндылықтар туралы оқушыларымыздың ойларын тыңдап көрелік.
2-жүргізуші.
2-сынып,3-сынып,4-сынып,5-сынып,6-сынып,7-сынып.8-сынып
9а-сыныбы,9ә-сыныбы,10а-сыныбы,10ә-сыныбы,11-сынып.
1-жүргізуші.
Адам бойындағы жақсы қасиеттер,адамгершілік нормалары,әлемнің татулығы осы құндылықтардан бастау алады.Бәрінің бастауы-Махаббат!
2-жүргізуші.
Сөз өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызына беріледі.
Құрметті ұстаздар,оқушылар! 2016 жылдың 2 – 12 ақпан аралығында
«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты жыл сайын республикалық акция өтеді.Акция шеңберінде біздің мектебімізде де «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндік өткізу жоспарланып отыр.
«Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деуге әбден лайықты.Себебі,осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықтың дәнін себуге болады. «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыны адал болуға,айналаны жақсы көруге,өзіндік «менін» қалыптастыруға, өмірде өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерін анықтауға,өмірді сүюге, алға ұмтылуға,ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді.
Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді, шығармашы-лықпен еңбек етуге шабыттандырады.Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән.Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды.
Бұл күндері өздеріңізді жан – жақты танытуға, түрлі салаларда өздеріңді сынап көруге мүмкіндік берілуде.Жоспар бойынша іс-шараларға әрқайсыңыз үлес қосыңыздар. Сіздердің қабілеттеріңіз бен ішкі мүмкіндіктеріңіздің ашылуына барынша жағдай жасалуда. Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамын.
1-Жүргізуші: Сара Алпысқызы Назарбаева: - «Мен әр баланың жас кезінен әрқашан дені сау, әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» - дейді
Құрметті жас достар!
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңінен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі.
Өтеді әр адамның жүрегінен,
Орындап ата – баба өсиетін.
«Өзімді өзім танумен, өсіп келем» дей отырып, онкүндіктің ашылу салтанатын аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Анам кітаптың эпилогындағы “…Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, отанға перзенттілік, туған топыраққа борыштылық сезім¬дердің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені, махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді”, деген жерін қайта оқытты да:
– Балам, осы сөздер әр уақыт есте ұстайтын, жақсы адам болуға бастайтын ғибратты сөздер екен. Сен де оларды жадыңа тұт, ұмытпа, жүрегіңнің түкпірінде сақта, – деді мейірленіп.