Мектеп Ұланбасышы: Мектеп теңел тік тұр!
Жас Ұлан ұйымының туына теңел!
Жас Ұлан ұймының туы еңгізілсін!
Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалсын!
Мектеп Ұланбасышы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызылтан орта мектебінің «Жас Қыран » және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіретін топтар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік - теңдігім»атты салтанатты сап түзеуге дайындықтарың туралы шұғыл хабар беріңдер!
1.«Сұңқар» тобы 4. «Ізбасарлар» тобы 7. «Шұғыла» тобы
2.«Достық» тобы 5. «Білім» тобы 8. «Алау» тобы
3.«Талап» тобы 6. «Канафин Айбек» атындағы топ. 9. «Жалын» тобы
10. «Қырандар» тобы.
Сынып Ұланы:
Топ теңел!Тік тұр!
Қызылтан орта мектебінің «Жас Қыран » ұйымының «Сұңқар» тобы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Тәуелсіздігім - теңдігім» атты салтанатты сап түзеуге әзір! Сынып Ұланы Назымбекова Адия
Рапорт тапсырылды!
Мектеп Ұланбасышы: Рапорт қабылданды! Еркін тұр!
Мектеп Ұланбасышы:
Мектеп Ұланбасышы: Төлеген Арлан
Аға тәлімгер: Рапорт қабылданды! Еркін тұр!
Аға тәлімгер: «Жас Қыран » және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары: «Барлық ойымызды, біліктілігімізді , ісімізді – Жақсылық және әдепттілікке жұмсауға әрқашанда дайын болыңдар»!
Мектеп оқушылары: Әрқашанда дайынбыз!
Аға тәлімгер: Жас Ұлан ұйымының ұланбасшысының ауыстыру мақсатында ортаға Аккузов Адайды салтаннаты түрде шақырамыз!
Арлан Ұланбасшы белгісін кигізеді Адайда.
Ортаға «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушыларды шақырамыз:
Аубакирова Аида – оқу екпіндісі, сынып көшбасшысы, аймақтық шахмат үйірмесінің жеңімпазы, үздік ғылыми жоба иегері,биші қайың би үйірмесінің қатысушысы.
Абылайхан Айымгүл - оқу озаты, сынып көшбасшысы, шахмат үйірмесінің белсендісі, биші қайың би үйірмесінің қатысушысы.
Амантай Дамир - сынып белсендісі, бокс секциясының қатысушысы.
Бейсиетова Дания – оқу озаты, сынып көшбасшысы, биші қайың би үйірмесінің қатысушысы.
Мурат Ерасыл – оқу екпіндісі, сынып белсендісі, бокс секциясяның қатысушысы.
Уралов Асанали - сынып көшбасышы, бокс сециясының қатысушысы.
Ант беру рәсімі:
Мен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриотты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған Елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата – анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқы ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйретуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Қызылтаң орта мектебі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік - теңдігім»атты салтанатты сап түзеу
2019 -2020 оқу жылы