Мектеп асханасының жұмысын тексеру актісі.№1
Қызылтаң орта мектебі бойынша мектеп асханасының жұмысын тексеру АКТІ
30.10.2020 жылы, төмендегі қол қойғандар, мектеп асханасының жұмысын тексерді. Тексеріс барысында мынадай мәселелерге назар аудардық:
1.Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын оның мәзірге сай дайындалуын тексеру.
2.Ұсыныстар мен шағым дәптерің қарау.
3.Тамақ өнімдерінің сапасын тексеру.
Тексеру қорытындысы:
1.Ас мәзірінде күріштің орнына макарон болды.Қалғаны ас мәзіріне сәйкес.
2.Ұсыныстар мен шағым дәптері бар.
3.Тамақ өнімдерінің сапасын дәм тату арқылы бағаладық.Макарон піскен,тұзы сай,дәмді болды,еті жұмсақ,кампот дәмділігі сай.
Шешім:
1.Шағын орталықтың балаларына ас мәзірі сай дайындалсын.
2.Қайта-қайта аспазшы бергі залға шығуға болмайды.
Күні: 30.10.2020 жыл
Комиссия төрайамы: Темирбаева Г.С.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы: Байсеитова С.А.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Жакашева А.
Медбике: Құдайбергенова М.М.
Бастауыш ӘБ жетекшісі: Алина А.О.