«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқу - тәрбие үдерісіндегі РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ мәселесі" баяндама

 

Оқу- тәрбие үдерісіндегі РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ  мәселесі.

 

«Егер адам қолымен жұмыс жасаса, онда ол – еңбекқор.

Егер адам қолымен және басымен да жұмыс жасаса, онда ол - шеберлік.

Егер адам қолыменде, басымен де, жүрегімен де жұмыс жасаса ол -суретші»

                                                                               Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі жаһандану заманында біздің алдымызда, яғни ұстаздардың алдында жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушының бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шығуы да бекер емес. Оқу мен жаңашылдық дағдылары күн сайын күрделеніп жатқан ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге дайын оқушыны жан-жақты шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселесіне назар аудару маңызды. Сондықтан да «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда.Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді.Білім саласындағы ең нәтижелі бастамалардың бірі – жаңа мазмұндағы оқыту үрдісі. 

Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар оқушының жалпы үлгерімін арттыруды, инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдылар дамытуды, ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды көздейді.

Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.

 Мәселен, қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнына «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту енгізілді.Осы тұрғыда руханият саласындағы серпіліс оқушыларға елінің, жерінің тарихынан мол мағлұмат алып зерттеуіне жағдай жасайды.  «Өлкетану» материалын оқытуда оқушы:

  • ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы біледі;
  • туған өлкенің тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейтеді;
  • туған өлкенің дәстүрлері, қолөнерлері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейтеді.

Әдебиет сабағында Ұлы Абайдың философиясындағы танымдық-ағартушылық ойлардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген мәселелермен үндесіп жатқанын байқауға болады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері еш уақытта ескірмейтін, замана сұраныстарына лайықты жауап табуға болатын жауһарлардың қатарында. Сондықтанда білім беру және тәрбие ісінде Абайдай ойшылдарымыздың еңбектері де қолға алған тағдырлық маңызы үлкен осы ұлы іске септігін тигізері анық. Оқушы бойынан Абай өлеңдері мен қара сөздерінде айтылып кеткен барлық қасиетті табуға болады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында «Миға шабуыл» әдісі қолдану арқылы «Қазақстанның қасиетті құндылықтарына нені жатқызуға болады?» , «Рухани құндылықтарды сақтап қалу үшін не істеу қажет?», «Отбасы құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды ажырата білеміз бе?» деген сұрақтар қою арқылы оқушы өзіндік пікірін еркін айта біледі, шығармашылық пен білімге құмарлығы артады, ақпаратпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзін өзіндік дамуға бағыттайды.

Әдебиет сабағында «Орхон-Енисей» жазбалары тақырыбын оқыту арқылы да  «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығын дәріптей отырып оқушы бойына өткенді тануға, тарихты қастерлеуге, ата-бабаларымыздың ұлы істерін сақтауға, қазақ халқының тарихта мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалғанын жеткізіп, баулуға болады.

Абылай ханның «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» дегеніндей Қазақстанның үшінші жаңғыруы білім алу мен рухани жаңғыру екенін, қазіргі жаһандану кезінде ешкімге есе бермейтін білім көшінен жарысып өтетін білімді,тәрбиелі,өнегелі,өз елін сүйетін патриот оқушы жастар тәй-тәй басқан тәуелсіз елге өте қажет екенін әр сабақта пәнге байланыстыра отырып білім бергенде ғана алға қойған мақсат орындалады. 

 

 

 

 

Тәуелсіздік алғалы бері біздің мемлекітізде орасан зор өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге – Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптап, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу». Өйткені, ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».

Бүгінгі жас ұрпақ,болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып,мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады.

Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Мұғалім ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жалықпай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңашыл ұстаздың тың көзқарасын қажет етеді.

Сапалы білімнің негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен тиімді технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыға кітаптан таба алмайтын білім беру. Ендеше бүгінгі білім берудің сапалы болуы үшін мұғалімнің жан-жақты академиялық білімінің болуымен қатар ұстаздың мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің, шығармашылық қабілетінің, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттерінің болуы тиіс. Жалпы инновациялық пен ақпараттық бағытты тең ұстаған ұстаздың жеке бас қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біртұтас байланысты ұғым ретінде қарастырған абзал. Сонымен қатар жоғары қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек. Мұғалімнің білім-білік дағдылары, өз мамандығына қатысты білім жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп, жүріс-тұрысы т.б. жатқызамыз. Жаңашыл мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тоқталсақ:

Іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары болуы, яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

Түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен тәжірибені байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет, ғылыми зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

Инновациялық технологияларды меңгеруі – мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыруы үшін қазіргі қолданыстағы жаңашыл технологияларды толық меңгеруі тиіс. Жаңа иновациялық технологияларды ғылыми ізденіс пен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

Кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуының  көмекшісі  болуы  тиіс,  оқушының  даму  деңгейіне қарамастан оның жеке тұлғасын құрметтеу, өзара бірлескен әрекет, қызмет, көмек, оқушының жетістігіне қуана білушілік басты назарда болу керек. Оқушының әрқайсысын тереңірек тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

 

1.     Мұғалімнің өзіндік көзқарасы. Себебі, шығармашылық, ізденістік бағытта оның өз пікірі болады және сол бағытта жұмыс жүргізген ұстаз ғана нәтижеге қол жеткізе алады.

2.     Шебер қолданушы. Атап айтқанда, үнемі жетілдіру бағытындағы кәсіби білімін оқу-тәрбие үдерісінде шебер қолданушы. Нақтырақ айтқанда, ақпараттық заманда мұғалім қоғамның кез келген саласына байланысты оқушы қойған сұраққа орынды жауап беруі шарт.

3.     Тиімді шешім шығару қабілеті. Мұғалім оқу-тәрбие үдерісі бойынша өн бойында кездесетін педагогикалық жағдайларды, өзгеріс-құбылыстарды талдай білуімен қатар, соны туындататын себеп-салдарларды анықтай білуі тиіс және соның негізінде түрлі жағдайларда шешім шығаратын дәрежеге ие болуы қажет.

4.     Ағартушылық қызметтегі мұғалімнің адамгершілік ұстанымы бала тәрбиесіне негізделуі керек. Соның нәтижесінде ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастырған оқушы өзара бірлестікте жұмыс жасай алатын тұлғаға айналады. Сонымен қатар ақпараттық технологияны жақсы меңгерген жаңашыл бағыттағы ұстаз сабақ беру әдіс-тәсілдерін де түрлендіре алады. Ақпараттық технология – қазіргі уақыттағы білім берудегі ең белсенді, тиімді технологиялардың бірі. Ақпараттық технология құралдары: электрондық оқулықтар, компьютер, аудио және видео материалдар, интернет желісі, электрондық пошта, интербелсенді тақта;

Ақпараттық  мәдениетті  дамыту  қазіргі  педагогтың  ақпараттық  құзырлығына  қойылатын  талаптарына сай анықталады:

1.     Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру (бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды іздеу алгоритмі мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгерту).

2.     Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлік) сауаттылық: оқу-әдістемелік, озық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту;

3.     Өз қызметтерін жаңа ақпарттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім; коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы; білім беру процесінің ерекшеліктері ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерімізге сәйкес бейімдеп пайдалану.

 Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көз қарасын және оған сай мінез -құлқын қалыптастыру. Соның ішінде азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады. Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді. Интернационалдық және патриоттық тәрбие деген кең мағыналы, қасиетті ұғым. «Отан от басынан басталады» — деп айтады халқымыз. Әрбір адамның от басы, туған жері өскен ортасы, ауылы, елі- оның Отаны. Өмірге келген адамдардың бәрінде міндетті түрде, рефлексті тұрғыда интернационалдық және патриоттық сезімі туа қалмайды. Патриотизм, отаншылдық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс.

Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген, жатжұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағының, суының қадір-қасиетін жете сезінгенде өз еліне деген мақтаныш сезімі күшейе бастайды.

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталу, парасаттылық , достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтық батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп, мазмұнындағы адами құндылықтарды бағалай білсе, оның өз Отанына, халқына, төл өнеріне сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі — ертегілер. Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген.Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып, жақсы мінез-құлық қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, өзінің елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.

  Егемен ел атанып, Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан күннен бастап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне қойылды. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі бір барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту өте-мөте маңызды дүние. Бүгінде бұл мәселе барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. Тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейтін патриотизм белгілі бір уақытпен шектелетін науқандық шара емес. Сондықтан стратегия – патриоттық тәрбие жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойындағы жоғары патриоттық сананы қалыптастыруды, өз елі үшін мақтаныш сезімін оятып, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтың борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға деген дайындығын тәрбиелеу мақсатын алға қояды.

Жаңартылған күні: 16.06.2019 23:52
Құрылған күні: 17.06.2019 00:00

Текст