«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» 7-сынып с/ж:Серкенова Г.Б.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедия, ту, елтаңба, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары салынған буклеттер, шарлар.

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Желтоқсан жастарының рухына арнап бір минут үнсіздік жариялаймын.
Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

Оқушылардың өлең жолдары:

Акерке:

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні –бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні –бұл.

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні- бұл.

Бір –бірімен жарасып

Бауырласқан  күні-бұл.

 

Даяна:

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі,

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл-күні!

Мансүр:

 Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Мұғалім сөзі:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!

 Дильназ мәлімет оқиды.

« Сандар сөйлейді» сұрақ –жауап.

Тәуелсіздік жылнамасы

1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн –біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы  Ата заңы қабылданды.

1992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.

Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын,Гимні, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

15 қараша .Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.

1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.

30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.

1995 жыл.30 тамыз.Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.

1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.

1998 жыл.Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.

 

1999 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы.

2002 жыл.Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары.

2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.

2008жыл.Халық санағы болды.Астанаға 10 жыл.

2009 жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.

2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.

3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау.Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.

 2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.

2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.

2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.

2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.

2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

 

Мұғалім сөзі:

Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.

ән: «  Тәуелсіз елдің ұраны» сынып оқушыларының орындауында

Сезім:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейң құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырлардың тойы болшы,келе берер!

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Сергіту сәті.

Дильназ:

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні-бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні –бұл.

Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні –бұл.

Құңдақтағы сәбидін

Қазақ болған кұні- бұл.

Акерке мәлімет оқиды.

Видео тамашалау. «Қазақстанның Тәуелсіздігі»

Мұғалім сөзі: Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 28 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 28 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды.

 

 

Өлең жолдары : Данара мен Тамерлан

 Оқушылардың Тәуелсіздікке арналған суреттерін тамашалау.

Сезім өлең жолы

Әң : «Жаса, жаса Қазақстан» сынып оқушылары.

Рефлексия.

Осымен дайындаған тәрбие сағаты аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Жаңартылған күні: 20.12.2019 00:17
Құрылған күні: 20.12.2019 00:33

Текст