«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет-ғұрыптары. Эссе

Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет-ғұрыптары.

  Қазақ халқы әрбір ісіне, әрбір сөзіне мән бере білетін, іске шеберлігі мен сөзге шешендігі айқас өріліп, бір ағыс, бір  жүйеге орныға білген теңдессіз, орны ерек халық. Ақылдың ұшқырлығы, тілдің өткірлігі, сананың ұлылығы біте қайнасқан, өз тарихын терең ұғынған, ұлттық құндылығын шын бағалай білетін халықтың болашағы алысқа самғары сөзсіз. Бұл құндылықтардың жарқын болашаққа бағдар екенін ұғына білген қазақ қашанда өркениет биігіне ұмтылуды, төл болмысын сақтап, өрісін кең ұстауды ту еткен ел.

Ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, елдікті сақтауда барын салған қазақ халқы өскелең ұрпақтың нәзік болмысына өмірлік құндылықтарды көркемдіктің биік сатысымен өрлей жеткізуді де қолында ұстай білді, артынан ізбе-із ерген ұрпағына тілмен ұғындырып қана қоймай, бұл істе аса көркем үлгі бола білді, қыз баласы бойына мейірімділік, инабаттылық, кішіпейілділік, ер балаға батырлық, тапқырлық, өжеттілік пен намыстылық қасиеттерін сіңдіре әрі оны өмірлік тәжірибесі арқылы жандандыра білді.

Қазақтың өзіне ғана тән салт –дәстүрі мен әдет –ғұрыптары жылдар бойы халықпен бірге жасасып келеді.

«Қазақ халқының бала дүниеге келгеннен бастап атқаратын жөн- жоралғыларының барлығы-жеке адамның басына тиесілі нәрсе емес, бұл ұлт келешегіне байланысты өнеге. Бұның барлығы жиналып келіп, ұлттың қадір-қасиетін құрайды.»-деген еді. бір сұхбатында Зейнеп апайдай ел анамыз.

«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Баланың жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат боп ержетуіне ата-ана, ағайын -туысты былай қойғанда ауыл боп атсалысқан. Қазақтың кез- келген баласы обал-сауапты басынан түсінген. Кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған.

 Үлкендеріміз баланы ұрсып,зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген. Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен. Ия, жаугершіліктің талайын бастан өткеріп, «Ақтабан-Шұбырынды, Алқакөл сұлама» , ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты көптеген тарихтың салқын нәубеттерін бастан өткерген қазақ үшін отбасы құрып, ұрпақ өсірудің маңызы айтарлықтай зор. Ал тәрбиенің бұзылмас қаймағы, қайнар нәрін іздесек, өз тарихымызға, өз өркениетімізге үңілсек те жетер-ау. Бүгінгі әңгімемде отбасы тәрбиесінің бір тармағы «Үлкенге құрмет- кішіге міндет» дегендей әдептілік бастауы туралы болмақ.Өресі кең халықтың салт-дәстүрі де салауатты ,өнеге- тәлімі өрелі болады. Тегінде, қазақ деген халықтың тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді, шайқалса да құламайды.

Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында небір інжу маржан жатыр.  Мәселен , қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан бабамыздың Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүрген бір отырыста:

 –-Біздің қазақта дәл өзіңдей күшті бар ма ? - деген сауалына жауап ретінде айтқан әңгімесінен үзінді келтіре кетсем.

-Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен кездессем де еш уақытта мұндай күйге түспеген едім .Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп,айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта жерге  екі аяғыммен дік еткізіп қоя қойды.Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп: Кешіріңіз, аға жауырыныңыз жерге тимесін! - дегені.

Күші асып тұр., тағы аға деп сыйлап тұр, жықпай тұр..Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағына да менің атақ –даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен. Мен қазақ болып туғаныма ,үлкенді сыйлаған әдет- ғұрпыма, соны білетін інілерім барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп,құшақтай алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын..

Осы сияқты кеңпейіл, жомарт, мәрт,батыр ,аңғал, дархан бабаларымыздан қалған оқиғалар ұрпағына тәлім- тәрбие, өсиет- өнеге емес пе?!

 «Сол асыл қазынамыздың қасиетін, мән- мағынасын ұрпағының бойына жұғыстырып, ертеңгі күнге жалғастыра ұқтырсаң, ұл-қызымыздың келешегі де жарқын болады,-деген Бауыржандай батыр бабамыздың келіні  белгілі журналист жазушы Зейнеп Ахметова анамыздың сөзімен аяқтаймын.

 

Оқушының аты—жөні: Капышева Наргиза Қанатқызы.

Сыныбы: 11

Мектебі: Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесі.

Жасы:16

Жетекшісі : Жанбырбаева Жанар Абдирахимовна.

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.11.2021 23:56
Құрылған күні: 16.11.2021 23:56

Текст