«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖАС ҚЫРАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ СЦЕНАРИЙІ

«ЖАС қЫРАН» және «Жас ұлан» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР мен жасөспірімдер ҰЙЫМЫна қабылдау СЦЕНАРИЙІ

 

Өтетін уақыты: 2022  жыл  15 желтоқсан

Өтетін жері: Мекпеп залы

Өткізілу түрі: Жас қыран және «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері

 

Ерасыл:

  • Қайырлы күн,  оқушылар және ұстаздар!  Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Дильнәз :

  • Бірыңғай « Жас қыран»  және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар ұйымы  Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ерасыл :

  • Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымы  қабылдау рәсіміне куә болып отыр.
    Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Жас Ұлан ұйымының туына теңел!

Дильнәз:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын Жас Ұланың әнұраны!
Жас Ұлан ән ұран ойналады

Ерасыл :

  • Ендеше, оқушыларды  «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

 

 

«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Дильназ :

  • Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

Ерасыл :

  • Қазақстан Республикасының туындағы күннің  түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Дильназ:

  • Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

Ерасыл:

  • Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Дильназ  :

  • Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Ерасыл :

  1. «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар  ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

Дильназ :

  1. «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар  ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Ерасыл :

  1. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Дильназ :

  1. «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар ұйымы ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар

Ерасыл:

  1. Жас ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

Дильназ: «Жас қыран»  және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Ерасыл:

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!


Дильназ:

  • Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар ұйымына қабылданған оқушыларға  төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
    (галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

 

Дилназ:  Жас Ұлан» қабылданатын оқушылар: 

Абылайхан Ақниет оқу екпіндісі, математика пәнінен республикалық олимпиадасының 2 орын жүлдегері, қамқорлық фракциясының басшысы, бос уақытында кітап оқығанды ұнатады.

 

Амантай Дияр оқу  екпіндісі, ақпарат фракциясының басшысы.Мектеп іс –шараларына белсенді қатысады.

 

Бегежан Шыңғыс Өзін –өзі тану және бақыт фрациясының басшысы, мектеп іс –шарларына белсенді қатысады.

 

Болат Айзара оқу екіндісі, математика пәнінен республикалық  олимпиядасының 2 орын жүлдегері, құқық және тәртіп фракциясынның басшысы, бос уақытында сурет салады.

 

Булатхан Диас  оқу екіпіндісі, математика пәнінен республикалық  олимпиядасының 2 орын жүлдегері, сынып президенті.

 

Жанат Аят: оқу екіндісі, мәдениет және өнер фракциясының басшысы, мектеп іс –шараларына белсенді қатысады.

 

Жанбай Нұрәділ Дебат қозғалысының фракциясының басшысы, мәнерлеп оқу сайыстарына белсенді қатысады, бос уақытында спортпен шұғылданады.

 

Мурат Алихан Спорт және салуатты өмір салты фракциясының басшысы. Спорттық  іс – шараларға белсенді қатысады. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады.

 

Төлеген Нұршат  Мәдениет және өнер фракциясының басшысы, мектеп іс – шараларына белсенді қатысады. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады.

 

Ерасыл: «Жас Ұлан» қабылданатын оқушылар: 

Омарова Айлана оқу екіпіндісі, орыс пәнінен республикалық олимпиядасының  3 орын жүлдегері, дебат қозғалысының фракциясын басшысы. Бос уақытында  кітап оқуды ұнатады.

 

Назымбек Адиа оқу үздігі, ағылшын пәнінен республикалық олимпиядасының  3 орын жүлдегері, мектеп іс –шараларына белсенді қатысады, сынып президенті.

 

Жанаш Амірхан сыныпта қамқоршылық  фракциясын басшысы, мектеп іс –шараларына белсенді қатысады, «Әдебиет қаһармандарының шеруі» атты фестиваліне белсенді қатысушысы .

 

Ерік Нұрай  сыныпта ақпарат фракциясының басшысы, аудандық олимпиадасының қатысушысы, спорттық іс –шараларға белсенді қатысады.

 

Уралов Алишер сыныпта   құқық және  тәртіп фракциясының басшысы, Халықаралық «пони» сайысының  жүлдегері.  Аудандық олимпиада қатысушысы.Спорттық іс –шараларға белсенді қатысады.

 

Жанат Жасмин   сыныпта  өзін – өзі басқару фракциясының басшысы , мектепшілік іс – шараларға белсенді қатысады.

 

Қадыров Мейірлан   сыныпта  спорт және салуатты өмір салты фракциясының басшысы, мектепшілік  іс- шараларға белсенді қатысады, информатика пәнінен аудандық «Роботатехника» сайысында 1 орын жүлдегері, бокс секциясына үзбей қатысады.

 

Ерасыл

Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

Дильназ :
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін « Жас қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Қыранның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Ерасыл :

Құттықтау сөз мектеп директоры: Темирбаева Гүльнар Сайлаубаеванаға беріледі.

Дильназ:

  • Құрметті, оқушылар  «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер балалар  ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. Жас Ұлан ұйымының туы шығарылсын.

Ерасыл :
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Дильназ :
Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер  балалар  ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

 

Жаңартылған күні: 15.12.2022 18:08
Құрылған күні: 15.12.2022 18:08

Текст