«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің елім Қазақстаным» «Балапан» ШО

«Қызылтаң ауылының ЖОББМ»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің елім Қазақстаным»

«Балапан» ШО

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Жаппасбай А.А

                                                                                   Тәрбиеші: Айтанова А.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2022 оқу жылы.

 

 

Тақырыбы: «Менің елім  - Қазақстаным»

Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?

Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Тәрбиелік  іс-әрекеттің көрнекілігі:   Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,

Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.

 

Жүргізуші:

Келген қонақтармен амандасу

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәләмәтсіздер ме апайлар!

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Біз Қазақтың баласы

Дені сау салауатты

Біз-ұлттың болашағы

Білімді де сауатты

 

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер! 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздік күніне  ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш, дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!

Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!

 

Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)

 

-Балалар біздің ұлтымыз кім?

-Қазақ

-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан қандай мемлекет ?

-Егеменді,тәуелсіз  мемлекет.

-Елбасымыз кім?

-Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы.

-Елорда бас қаламыз қай қала?

-Нұр-Сұлтан қаласы.

-Ал өзіміз қай ауылда тұрамыз?

- Қызылтаң ауылында тұрамыз.

-Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б

-Олармен біз қалай тұрамыз?

-Тату тұрамыз.

 

Жүргізуші:

-Ал бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз  қандай мерекеге арналып жатыр?.

-Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне

-Дұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Ал осы тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауаптары)

Олай болса, ортаға шығып тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарымызды тамашалайық.

 Азіретали

Тәуелсіздік ел мұраты

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Айя

Қазақстаным айбыным

Өзінсің менің ай күнім

Отыз жылдығын сыйласын

Таусылмас шаттық байлығын

Нұрдаулет

Абыройың асқақ боп

Жасай берші гүл елім

Е.Еркежан

Отаным Қазақстан

Құтты болсын мерекең.

Жандос

Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға,Әпкелеріміз.

Ринат

Тәуелсіздік ел мұраты

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім

Бағымызға жол ашады.

Айсултан

Жасай бер елім қазағым

Отыз жылдығын құтты боп.

М.Еркежан

Тәуелсіздік таңы атты

Барлық әлем жанарып

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Латифа

Тәуелсіздік мақтанышым

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын

Әр бір таным нұр маған

Құрмет

Тәуелсіздік мақтанышым

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тыншпым

Әр бір таным нұр маған.

Самина

Өзінді мақтан етемін

Қазақстаным Отаным

Ерғанат

Тәуелбіз отыз жыл

Құтты болсын қазағым

Бейбітшілікті жөн еткен

Елім өзін ғажабын.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар қандай тамаша тақпақтарын.

Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.

Жүргізуші2:

Ал балалар енді біздің сендерге дайындаған шағын тапсырмамыз бар соны сендер бірге бірлесіп жасап көрсеңіздер.(балалар берілген тапсырманы орындайды)

Жүргізуші:Керемет балалар жарайсыңдар байтерегіміз әр дайым биік болсын еліміз тыныш болсын.

Жүргізуші2:Құрметті апайлар біздің балаларымыз сіздерге арнап әндерін дайындап келді соңы тамашлап тындайық.

Ән: Отан ана

Жүргізуші:

Осымен құрметті қонақтар шағын ертеңгілігіміз аяқталды.

Ертеңгіліктің соңында балаларға шағын сыйлық таратылды.

 

Жаңартылған күні: 31.12.2021 13:10
Құрылған күні: 31.12.2021 13:10

Текст