Тіл жүйрікте кім жүйрік?
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін
Оқу ісінің меңгерушісі- Бакиров Д.Р.
Гуманитарлық әдістеме жеткшісі –Жаңбырбаева Ж.А.
– Бүгінгі біздің сайысымыз 7 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. «Деген екен» Үй тапсырмасы
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Өлең өрнегі
Ү. Бүлінген факс
ҮІ. Сөз болаты – мақал
ҮІІ. Бейнесұрақ
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне , ал көріністе шеберліктеріне көңіл аударамыз.
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
«Достық « тобына
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйлем мүшелері)
8. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
«Бірлік» тобына
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған?
6. «Жетім», «Көксерек» әңгімелерінің авторы (М.Әуезов)
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
ІҮ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару.
– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша біз 6 -сыныбының оқушысы Назеркенің орындауында « Достар» әнін тыңдайық.
Ү Біздің мектепке факс келіпті. Бірақ факс бүлінген екен. Сендер бұл факсті шешуге көмектесіңдер.
«Достық» тобына : «Бүлінген факс»
Зіб стіктүсол заққатанс дасынлыоб мызратұ. Дебіз пөк тарұлт утат рімө ідерүс.
«Бірлік» тобына : «Бүлінген факс»
Діңбіз ныотамыз-зақстанқа.
Мызкалипубрес кенүл, тығабита шамата, ріеж ңек ріә айб.
ҮІ. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.Ү турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек.
ҮІІ. «Бейнесұрақ» бөлімінде әр топ басшысы экранда көрсетілген суреттегі тұлға жайлы мәлімет айту керек
-Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық!
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!