«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің алғашқы жобам» атты информатикадан сабақтан тыс іс-шара

«Менің алғашқы жобам» атты

информатикадан сабақтан тыс іс-шара

 мақсаты:
• Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
• Бағдарламалармен өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру;
• Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
• Жобаларды қорғауда өз-өздерін ұстай білуге, шешендікке тәрбиелеу.
Мұғалім:
   Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгінгі жобалар сайысы  арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.
 Сәлем бердік құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен  келген қонақтар. Біздің іс-шараға қош келдіңіздер!!!

1 кезеңде. Кахут ойынын ойнаймыз.
2-ші кезең: Жобаларды қорғау кезеңі.

3-ші кезең  Фидворд ойыны.
4-ші кезең: Қорытынды

  1. «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен Кахут ойынын оқушыларды шақырайық.
    Оқушылар топтасып, интербелсенді тақтадағы тест сұрақтарына ұялы телефон арқылы жауап береді.

 

 

  1. Қазақ деген халықтың баласымыз,
    Алда талай алынар бар асуымыз.
    Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
    Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз
    дей отырып жоба қорғайтын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

    Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы бағдарламада жасалған сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.
   Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет.

  Бүгінгі біздің жобаларымызды бағалайтын әділ-қазылар алқасы: Серкенова Гулдана Болатхановна, Конарова Райхан Болатовна болады. Оларға арнайы бағалау критерийлері жазылған бағалау парақтары таратылады. Сол парақ арқылы ұпайлар қойып бағалау жүргізіледі.

Жобаны бағалау парағы:

Критерийлері:

Ұпай саны

Қойылған ұпай саны

  1. Жинақталған материалдың тақырыпқа сәйкестігі, олардың құрылымы және тақырыптың ашылуы

5

 

  1. Жоба материалдары (суреттемелердің, мәтіндердің және т.б. сапасы, оларды дайындау кезіндегі өз бетінше дайындау деңгейі) және олардың ақпараттылығы.

 

5

 

  1. Дизайн, қолдану жеңілдігі.

3

 

  1. Жоба тұсау кесері (жұмыстың деңгейлерінің сипаттамасы, таңдау мотивациясы, техникалық құрылғылардың сипаттамасы, жұмыс жасау барысында кездескен қиындықты қалай шешкенін талдау жасау). Сонымен қатар шешендік шеберлігі бағаланады.

5

 

  1. Бағдарламаны қолдана білуі.

5

 

                                                             Барлығы:

          23

 

 

  1. Әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарғанша оқушылармен «Филворд» ойынын ойнау. Жасырылған информатика пәнінен ұғымдарды табу. 

 

ФИЛВОРД

 

Ш

І

Г

Р

І

Ш

Ө

А

Қ

П

А

Р

А

Т

Ғ

Ұ

Р

Ж

А

Д

Ы

Ч

Ж

И

С

А

Қ

Ш

Т

А

Н

Л

Ж

Т

Қ

М

Ә

Т

І

Н

А

А

Л

К

Е

Р

К

У

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өшіргіш
  2. Ақпарат
  3. Мәтін
  4. Тышқан
  5. Жады
  6. Сақтау
  7. Принтер
  8. Құжат

 

    Әділқазы алқасы жоба сайысының қорытындысын шығарып, жүлдегерлерді марапаттайды, сыйлықтар табыстайды.  Оқушыларға болашақта жобаларды қорғаудағы жақсы тілектер білдіріп, қатысқандары үшін рахмет айтылады.

Жаңартылған күні: 10.02.2020 00:09
Құрылған күні: 10.02.2020 00:09

Текст