«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы» (9-cынып)

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының  өмірі  мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері  М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу

Сабақтың міндеттері:

1.Өскелең ұрпаққа ақынның өмірін дәріптеу арқылы ақын шығармашылығының тарихын аша отырып, оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру

2.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыда ойларын, тілдерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жетелеу сұрақтары арқылы белсенділігін, ой еркіндігі мен танымын арттыру

3.Елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ақын бойындағы елжандылық, адамгершілік, ерлік, өрлік қасиеттерін үлгі ету,өз халқының патриоты болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: танымдық сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, топтық,  СТо әдісінің «ЖигСо»,  «Ойтолғау» стратегиялары.

Сабақтың негізгі түйіндері: Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ішкі Бөкей ордасы, Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Гекке бастаған қарулы топ, Истай Тайманұлы, дауылпаз ақын

Ресурстар: топтық жұмысқа арналған құралдар, сабаққа байланысты слайдтар, Махамбет өміріне видео

Пәнаралық байланыс: тарих, ән

Сабақтың нәтижесі: Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиғалар ізімен туған өлеңдерге талдау жасай алу

Сабақтың эпиграфы:

Махамбет...Махамбет...

Білмеймін жел ме, сел ме,

Жыр да онымен бір тұлға теңесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын,

Махамбетше сөгер жан кездесер ме? (Ф.Оңғарсынова)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылар назарын сабаққа сабаққа аудару

2.Сабақтың мақсат міндеттерімен түсіндіру

3.Өткен тақырыптарды пысықтау

Мотивация. Оқушыларға бір – бірінің қолдарын ұстатып,  бір – бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.
Қызығушылықты ояту.«Ой шақыру» стратегиясы

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.

  1. Ресей отаршыларына қарсы азаттық, теңдік үшін күрескен ақын –……. . Махамбет
  2. М.Өтемісұлы 1804…. жылы  Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында ……. .дүниеге келді.
  3. Арабша, орысша    хат  таныған.
  4. Ол …….дауылпаз  ақын болды.
  5. «Тарланым» өлеңінде қазақ әдебиетінің үлгісі бар.
  6. Әсіресе элегиялық сарыны айқын көрінеді.
  7. Махамбет өз өлеңдерінде көтеріліс басшысы –  Исатай батыр туралы  жырлайды.
  8. Махамбет- өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді  талғампаздықпен  қолдана білген ақын.
  9. 2003 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ халқының даңқты ақыны Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.

10.Ақынның мерейтойы қарсаңында  «Махамбет», «Жыр жебе» деген  атпен  толық өлеңдер жинағы жарық көрді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгінгі  сабағымызда  біз дауылпаз ақын  Махамбет  Өтемісұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы білетін боламыз. Махамбет Өтемісұлы  1804 жылы Батыс  Қазақстанның бұрынғы Орда (қазіргі Жәнібек), Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Махамбет жас кезінде хан ордасында болады. Ханның  Зұлқарнайын деген баласы Орынборға оқуға барғанда, соның жанында бірге болған. Махамбет мұсылманша да, орысша да хат білген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүз қазақтарының патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына және жергілікті әкімдерге қарсы Исатай Тайманов басқарған көтерілісі басталады. Көтерішлердің ең басты адамдарының бірі жалынды жас ақын  Махамбет болды.

Махамбет - дауылпаз ақын, өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні болды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін айқындаған да солар. Махамбет- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері - шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Ақын  Жәңгір ханға  айтқан өлеңінде өзінің батылдығын көрсете білді. Махамбет өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі.

Махамбеттің «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т. б. өлеңдері Исатай- Махамбет бастаған ұлт азаттық күресінің жылнамасы істепті. Қорыта айтқанда, Махамбет поэзиясы -қазақ әдебиетдегі отаншылдық, жауынгерлік поэзияның тамаша үлгісі.

 

Мұғалім видеофильм қосады. Видеофильмнен кейін М.Өтемісұлы туралы тақырып мазмұнын ашуда оқушыларға тапсырма беремін. Оқулықпен «ЖигСо» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды

 І топ.«Ойланыңыз». Махамбет Өтемісұлының өмірі жайлы оқулықтағы мәтінмен таныса отырып, жоспар құрыңыз.

ІІ топ. «Зерттеңіз». Махамбет Өтемісұлының шығармаларының тақырыбы мен идеясын зерттеп, өз ойларыңызды айтыңыз.

ІІІ топ. Талдаңыз. Оқулықтағы «Ереуіл атқа ер салмай...» өлеңін оқып, өлеңнің шығу тарихын талдаңыз.

181-196 беттерде ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты мәтінді топта оқып талқылап, соңынан өзге топтарға барып оқығандарын түсіндіреді, оқыған мәтін мазмұнымен алмасады. Соңынан барлық жинаған ақпараттарын флипчартқа түсіреді.Тақтаға алма кезек шығып, постер қорғайды.

Мағынаны ашу кезеңі.

Оқушылар жұмысын қорғап болғаннан, Махамбет өміріне қысқаша шолу жасалады.  Оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша «Махамбет кім?» деген сұраққа жауап бере отырып, өз ойлары мен пайымдауларын Махамбет суретінің маңайына топтастырады.

Махамбет кім?

Махамбет-”қара қазан, сары бала” қамы үшін күрескен халқының батыры

Махамбет-алдағы жеңістен күдер үзбеген,

жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын

Махамбет-туған жер үшін

найзалы күреске шақырған

өршіл романтик ақын

Махамбет-туған жерін қызғыштай Махамбет-халқының мұң-зарын тебіреніп толғаған

қорғаған асыл ер жырау-күйші қорғаған асыл ер

 Мұғалім:Өздеріңе ұнаған өлеңді , тақтаға шығып оқи қойыңдар.

Бекіту кезеңі.

 Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар.

Тексеруге арналған сұрақтар.
№1
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1803жылы Ішкі Бөкей ордасы,Бекетай аймағында,қазіргі батыс Қазақстан обл,Жәнібек ауданында туған)
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?

3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? (1846жылы 43жас)
 4. Махамбетті кім өлтірді?(Ықылас)

№2
1.1828-1831ж. Не болды? (Түрмеге отырды)
2.Хан жасағын кім бастаған? (Қарауылқожа Бабажанұлы)
3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?

(Балқы Құдайбергеновтың ауылын шауып,Қарауылқожа Бабажанов ауылын ойрандайды)
4.Исатай қашан қайтыс болады? (1838 ЖЫЛЫ 12 шілде)
№3
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?  (Балқы Құдайбергенов,Баймағанбет сұлтанға)
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? (Орынбор губернаторы)
3.1941ж не болды?  (Калмыков турмесіне,одан кейін Орынбор абақтысына айдалады)
 4. Генерал – губернатор не деп жар салды?( Кім ұстаса 1000 сом беремін деді)

Қортынды бөлім.

  3. Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі.

«Бас бармақ» – не ұнады?

«Балаң үйрек» – не үйрендім?

«Ортан терек» – кімге көмектестім?

«Шылдыр шүмек» – не қиын болды?

«Кішкене бөбек» – тілек жазу.

Бағалау. Үйге тапсырма:

 Шығармашылық жұмыс. Берілген тақырыптардың біріне ойтолғау жазу.

1.Махамбет- шыншыл да сыншыл ақын.

2.Махамбет-туған жерін қызғыштай қорыған ақын.

3.Махамбет- ерлік поэзиясын жасаған ақын.

 

Жаңартылған күні: 13.03.2019 22:28
Құрылған күні: 13.03.2019 22:30

Текст