Қызылтаң орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
«Тәуелсіз елдің ұрпағымыз»
6 сынып
Сынып жетекшісі: Конарова Райхан Булатовна
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз»
Мақсаты :
1. Білімділігі: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздерме, оқушылар“Тәуелсіз елдің ұрпағымыз” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Әнұран айту
Мұғалімнің сөзі:
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. . Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. (Желтоқсан оқиғасы туралы видеосюжет көрейік)
Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік) Рахмет!
Оқушылар қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Ой қозғау.
- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?
Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)
Жас арудын жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-Желтоқсан
Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,
Жана гұмыр бастаған да – Желтоқсан,
Жазықсыздын көз жасына жуынып,
Абактыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан,
Айымгүл
Жетістіктің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Желтоқсанның жан түршігер күндері,
Жалдап әскер аяушылық білмеді.
Бұрымынан сүйреп ару қыздары,
Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.
Әр қазақтын есінеде сақталады,
Желтоқсандық өрендері ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Ерасыл
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Дамир
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Асанали
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Оқушылар, өткенге шолу жасайықшы?
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.
1- оқушы: Жанель
1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
2- оқушы: Асанали
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
3- оқушы: Айымгүл
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.
4- оқушы: Дания
1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды
5- оқушы: Дамир
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
6- оқушы: Ерасыл
2012 жылы 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.
Айымгүл:
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім, тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Жанель:
Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенсің әрбір тынысыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Қорытынды:
Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді.Біз сол жолмен алға баса береміз.Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқы үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді.
Тәуелсіз 29 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Ән «Жаса, жаса, Қазақстан!» 6сыныптың орындалуында ! (хор)
Мұғалім сөзі: Ендеше, оқушылар Тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасап, сұрақтарға жауап берейік:
1.Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
3.Рәміздер күні қашан? ( 4 маусым)
4.Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
7.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
5.Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
6. Еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиын кезеңдерден өтті? ( ұлт азаттық көтерілісі, 1931-33ж ашаршылық,1941-45ж ҰҰС,1986ж желтоқсан көтерілісі )
7.Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?