2023 жылғы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп.
1. Қызмет көрсетушілер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылы, Білім көшесі, 10 үй.
Байланыс телефоны 8(716-32) 51-3-19.
Бөлім басшысының қабылдауы дүйсенбі күні сағат 14-30-дан 18-30-ға дейін, жұмыс күні 9-00-ден 18-30-ға дейін, 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліс беріледі, демалыс және мерекелік күндерінен тыс.
2. Жалпы ережелер
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ - інде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
3. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру;
4. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру;
5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;
2023 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер-20, соның ішінде:
Электрондық нұсқада-17;
Қағаз нұсқасында-3;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Қызмет көрсетудің салстырмалы кестесі
№ р/с |
Мемлекеттік қызмет атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
1 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау |
4 |
7 |
2 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау |
7 |
12 |
3 |
Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру |
2 |
0 |
4 |
Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру |
0 |
0 |
5 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау |
1 |
1 |
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер |
14 |
20 |
3. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ақпараттық стендте (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.
Қоғамдық талқылау үшін білім беру ұйымының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі мектеп сайтында орналастырылады http://sc0019.zerenda.akmoedu.kz/, әр азамат есептерді қарап, пікір қалдыра алады.
«Мемлекеттік қызметтер» ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың ақпараттылығын арттыру мақсатында жыл ішінде мектеп әкімшілігі халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді. Халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет- ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесттерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай Akmola.kz. ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйеде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, оларды көрсету мерзімін бұзу болған жоқ. Шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Тұрақты негізде жауапты қызметкерлермен және мектеп басшысымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізеді.
Бақылау іс-шаралары жүргізу кезінде жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
Регламент стандартқа және нақты процеске толық сәйкес жүргізілді.
6. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.