Текст
3-қазан 2023 жылы Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мее талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашино №1 білім беретін мектебінің базасында Х VI Президенттік олимпиадасының өңірлік кезеңі өткізілді. Оған математика, физика, химия, биология пәндерінен олимпиадалық тапсырмалар дайындалды,оған 11-сыныптың 90-ға жуық оқушы қатысты. Зеренді ауданы Қызылтаң ауылының ЖОББ мектебінен Амантай Дильнәз, Муханбетхали Ақерке қатысып, сертификатқа ие болды.