Мектебімізде "Білім күніне" арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны аталып өтті. Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ата -аналар және аудан әкімінің орынбасары - Закирьянов Ерлан Жакимұлы, Ортақ ауылдық округінің әкімі Гайсин Манарбек Назымбекович және аудан білім бөлімінің әдіскері Бахытгуль Хабдылханқызы қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізумен және мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Закирьянов Ерлан Жакимұлы құттықтау сөз жолдап, барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары мектебіміздің ардагер ұстаздарына Қапарова Күнтай Қапарқызына және Алдабергенова Роза Рақымжанқызына аудан әкімі Асет Дулатұлының атынан алғыс хат табыстады.