Текст
Қызылтаң ауылының ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушылары маусым айының 2-сі күні негізгі орта білім курсы бойынша қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтиханға 3 оқушы - Бейсеит Мансур, Булатқан Ернар, Мурат Мерей қатысты.
Оқушыларға екі мәтін жазылған (бірі - сұхбат түріндегі, екіншісі ғылыми стильде) ұсынылды. Оқушылар екі мәтін мазмұнымен таныса отырып, айтылған оймен байланыстырылған."Адам құқығы мен бостандығы - асыл қазына" тақырыбында эссе жазу тапсырмасын орындады. Екі оқушы 14, 13 балл жинап "4" деген баға алса, бір оқушы 12 балмен "3" деген бағамен бағаланды. Оқушылар жыл бойы алған білімдерін дәлелдеп шықты.