«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Физикалық хоккей" ойыны

24.01.2023

«Физикалық  хоккей ойыны»

Мақсаты: «Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.»

Ойынның шарттары:

I. «Кел, танысайық.»

II. «Білімің тірегін»

III. «Физикалық диктант»

IV. «Семантикалық карта»

V. «Есептер шығару»

VI. «Иә» және «жоқ»

 Физика пәні қызықты

Күнделікті тұрмыста  физика күші қажет-ақ,

Сағаттар да, телефон да ,пульттің өзі жүрмеуі хақ.

Егер дағы батарейдің орны оң- терісі ауысса,

Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға.

Айгүл мұғалім түсіндіреді тақырыпты анықтап,

Материалды қайталаймыз бүкіл сынып пысықтап,

Формулалар қарапайым, жеңіл оқылып жазылар,

Сондықтан да болар есептерді тез есептеп шығарыңдар.

 

  1. «Кел, танысайық.» топтар ат қойып, девиз құрастырады. 5 балл.
  2. «Білімің тірегін»

 І топ

1.Табиғат құбылыстары деп ...

2. Дене деп ...

3. Физикалық шамалар деп...

4. Атом дегеніміз---

ІІ топ

  1. Физикалық құбылыстар деп
  2. Зат деп
  3. Материя деп
  4. Орын ауыстыру дегеніміз
  1. «Физикалық диктант»

І топ

1. Күн жүйесі планеталарының орналасуын күнге жақынынан бастап ретімен жаз.

2. 1м = ?см, 1м2=?см2, 1м3=? см3  айналдыр.

3. 816 200 санын стандарт түрінде жаз.

4. Жылдамдықтың формуласын жаз.

5. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуін жаз.

6.Зат тығыздығын анықтайтын формула.

7. Үйкеліс күшінің формуласы.

ІІ топ

1. Электр өрісі дегеніміз не?

2. 100 м = ?см, 5м2=?см2, 25 м3=? см3  айналдыр.

3. 145882400 санын стандарт түрінде жаз.

4. Ток күшінің формуласыне жаз.

5. Электроскоп дегеніміз не.

6.Кернеуді анықтайтын формула.

7. Электрофор машинасы деген не

 

IV. «Семантикалық карта»

IV. «Семантикалық карта»

V.«Есептер шығару»

І топ

1.Массасы 50кг дененің ауырлық күшін анықта.

2.Трактордың массасы 6610кг, ал табанының ауданы 1,4м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын тап.

ІІ топ

1.Радиошамның ток күші 50мА.Егер шам 1000 сағ жұмыс істесе, одан электр заряды қаншаға өседі.

2. Кернеу 4В болғанда, 1с ішінде 0,8 Дж электр энергиясы жұмсалса,велосипед фонарындағы шамның ток күші қандай?

VI. «Иә» және «жоқ»

І топ

ІІ топ

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст