Қанаттарың талмасын Қызылтаң боксшылары.
Ағайынның ауызбіршілігін ұйыстырып, елдің ынтымағын арттыруда елеулі еңбек өткен тұлғаларды қадірлеп, дәріптеудің мән-маңызы зор. Елбасы Жолдауында айтқандай, жастарға тарихи тұлғаларды дәріптеп, қызмет жолын үлгі етудің тамаша үлгісі Зеренді ауданының Қызылтаң ауылында да қалыптасып келеді. Еліміз еңсесін көтеріп, еншімізді алғанымызға да біраз жылдар өтті. Көк тудың астында көсегеміз көгеріп, көңіліміз шаттыққа бөленді. Сонау Кеңес дәуірінде елі үшін ерен еңбек еткен еңселі ерлеріміздің де бұл күннің жарқын болуға қосқан үлестері ауыз толтырып айтарлық. Өткен өмір өнегесі – адамның жастайынан бойына сіңірген білімі мен алған тәлім-тәрбиесі, көрген тәжірибесімен атқарған тынымсыз еңбегінің нәтижесімен өлшенеді. Әрбір азамат ел ағасы атанған шағында отбасында қадірлі, ортасында сыйлы, қызметте құрметті болмаса ердің ер атына сын келері сөзсіз. Өз дәуірінде елі үшін ерен еңбек етіп, бұл күнде ауылымыздан өрбіген жастарымыздың намысты қолдан бермейтін жігерлі ,жарқын болуына ауыз толтырып айтарлық үлесін қосқан қадірменді ел ағасының бірі, ұзақ жылдар бойы Зеренді өңіріне танымал, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі қызметіне арнап, адал еңбекті жанына міндет еткен азамат, кісілік келбетімен, дарқан пейіл, азаматтық ұстанымымен ел құрметіне бөленген, Зеренді Қызылтаң ауылының құрметті азаматы Серік Қажантайұлы мерейлі зейнеткерлік 63 жасқа толуына байланысты осы ауылдан өсіп-өнген шәкірттерінің ұйымдасып ұстазына соққан ескерткішіндей бағаланаған іс-шалары туралы сөз тербертсек дейміз. Бұл әрине, тарихи табиғатына терең бойлаған сайын көңіл толқытып, тәубе етерлік жағдай!
Осынау ұлық сөзді ұлықтауды табиғи қарапайымдылығымызбен бастайықшы. «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды». Өз заманының өзек жардысы болса да бекер айтылмаған нақыл. Тарихи табиғатына терең бойлаған сайын, мәнін мәңгілік жоғалтпайтын көп тармақты ғақлия биіктей түспек. Соның маңызды бір парасы –ел ағасы бокс мектебін ашып сан мың спорт шебері мен үміткерлерін бабына келтіріп түлетіп ұшырып, бәйгеге қосудан еш талмаған алмас қылышымыз Серік Қажантайұлының бүгінде зейнеткерлік жасқа шығуына орай кішкентай ауылымда ашылған бокс секциясына арналған спорт залы.
Осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бағытында ел ішіндегі тарихи тұлғамыз Серік Қажантайұлының қызмет жолын үлгі етудің тамаша үлгісі қазан айында Көкшетау қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт сарайында жалғасын тапты. Шәкірттері және ел жанашырлары 3-6 қараша күндері Қызылтаң бокс спортына 33 жылын арнаған Серік Қажантайұлы атындағы бокс турнирін ұйымдастырды. Турнирға Ақмола облысының түкпір-түкпірінен , Арқалық, Атбасар, Шучинск, Макинск,Степногорск қалаларынан , Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Қорғалжын, Есіл аудандарынан, Жалтыр, Шантөбе ауылдарынан, Солтүстік Қазақстан облысынан , 2008-2009 жылы және 2006-2007 жылы туылған боксшылар ,жалпы 265 спортшы, 19 команда жиналды. Жарыстың бірінші күні 85 пара рингке шықты.Жарыс төрт күнге созылды. Турнир өте жақсы деңгейде ұйымдасқан түрде өтті. Осындай кең көлемде өтізілген турнирдің басы-қасында болып, қажымас еңбек көрсеткен тұлғаларымызға алғысымыз шексіз. Енді осы тарихи тұлғаларымызды атын атап, қосқан үлестерін үлгі еткелі алғысымызды газет арқылы алғыс көңілімізді жазғанды жөн көрдік,- дейді кейіпкеріміз. Осы кең көлемде өткен туриниріміздің жоғары деңгейде өтуіне қаржылай демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс сезімімізді білдіріп, елеулі еңбектері еленіп, ел игіліне қосқан үлестері алдарына қайтсын дейміз. Атап айтсақ: ауылымыздың тумасы жеке кәсіпкер Кадыров Б.Е.; ТОО «Асыл-2005» директоры Степаненко В.Ю.; жеке кәсіпкер Мержинскиий Генадий; жеке кәсіпкер Жакашев Қуаныш ; ауылымыздың тумасы Астана қаласында ТОО «Дархан-Аби» директоры Исмагулов Ануар; директор ОСДЮШОР «Қажымұқан» Мусинов Руслан; Зеренді аудандық ДЮСШ директоры Калибаев Қ.А.; ЧП «Стомотолгия» меңгерушісі Кенжетаев С.К; ЖК Ғабдуллин И; ЖК Жагипаров Б.; ЖК Темирбаев С. демеушілік көмектерін көрсетті. Сол сияқты еліміздің жастарын ұйымдастыруда турнирдің басты ұйымдастырушысы 1998 жылы Қарағанды қаласында өткен Ғалым Жарылғаповты еске алу Халықаралық турнирінің финалисі, 2000 жылы Түркістанда өткен Абдусалам Нұрмаханов атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы, Спорт шебері Сарин Еркеш және 1973-2001 жылдары туылған жалпы саны 200-дей боксшыларды ұйымдастырған Молдахметов Айдын, Құдайберген Ерлан, Аккузов Дауылбай, Мұстафин Қанат, Айтанов Қанат, Темирбеков Ерлан, Ғабдуллин Тасым, Жұмабаев Әсет, Сердалин Ерлан, Сердалин Талғат; Шарипов Данияр, Батырханов Ануар , Кеңесов Әділбек сынды жастарымызға мың алғыс! Сондай-ақ ұйымдастыр комитетінің Бас төрешісі Д.Курьята , бас хатшысы Т.Абдосов «Жеңіске деген жігері үшін» Федяев Артем (Атбасар қ. ),
«Ең үздік техникасы үшін» Сливин Константин (Шучинск қ.), «Ең үздік төреші.» Тоғжан Мәди (Қорғалжын ауылы), сыйлықтарын үлестірді.
Зеренді ауданы бойынша І орынды Балтин Қорғанбек (26 кг); Аккузов Адай (33 кг); Петрухин Гена (58 кг); ІІ орын Төлеген Аян (28кг); Монтай Алдияр (40 кг); ІІІ орынды Болат Аман 32 кг; Мурат Ерасыл (34 кг); Матаев Темирлан (33 кг), Амантай Әділ (43кг) жарыс жүлдегері атанды.
Осы турнирге дайындалып қатысқан барлық боксшыларды құттықтай келе алғысымызды айтамыз. Қанаттары талмай жеңіс шыңында қалықтай ұшуына тілектестімізді білдіреміз. Сол сияқты осы кең көлемде өткізілген турнирдің жоғары деңгейде өткізілуіне үлесін қосқан демеушілерімізге, Қызылтаң ауылының азаматтарына , басты ұйымдастырушы болған төл шәкіртім Сарин Еркешке алғысымды жолдаймын - деп ағынан жарылды
кейіпкеріміз.
Жанбырбаева Ж.А.Байсеитова С.А.
Қызылтаң орта мектебінің мұғалімі.