«Ұстаз – ұлы тұлға» мектебіміздің ардагер ұстаздарынын құрметтеу БАҒДАРЛАМАСЫ (01.10.2022ж.)
«Қазақ биі» Биші қайын би тобы
«Фанфары» ойнайды сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-ж.
Армысыздар құрметті қонақтар, қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналар, ардагерлер, ұлағатты ұстаздар !!!
«Ұстаз –ұлы тұлға» мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-ж.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты. – дей келе, бүгінгі мерекелік кешімізде алғашқы құттықтау сөзді Қызылтаң ауылынының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Темирбаева Гульнар Сайлаубаевнаға береміз.
1-ж:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Армысыз ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін бүгінгі мереке шашулары.
2-ж:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қазыналы қарттар, ұлағатты ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!!!
Өлең жолдары бастауыш сынып оқушылары.
1-ж:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бар қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.
2-ж:
Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан - Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым, аман –сау жүрші!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
«Көрініс» 7 сынып оқушылары
1-ж:
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей болып күлімдеген жарықсыздар
2-ж:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған –деп, бүгінгі мерекеге арналған
Би 5 –сынып оқушылары
1-ж:
Ашаршылық, кейіннен соғыс жылы,
Бәріне де бас тігіп, қайтпадыңыз.
Сол ұрпақтың басына не түспеді?
Тағдырдың бұйырғанын ақтадыңыз.
Күн шықса күлімдеген аспанымда,
Гүл тосар жүрер жолды басқанымда.
Мың рахмет ардагер ағаларға,
Бейбітшілік сыйлаған ұрпақтарға.
2-ж:
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын орындамайтын, әдептілік, кішпейілділік көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
«Ұстаз» әні 5 сынып оқушылары
1-ж:
Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2 -ж:
Абырой амандығың арта берсін,
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Бәлекеттен ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
1-ж:
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін,
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін.
Тап-таза абыройлы болғаныңды,
Қазіргі ел билеген жастар көре берсін.
- деп, бүгінгі «1қазан – Қарттар күні» мен мектебіміздің ардагер ұстаздарынын құрметтеу концертімізді аяқтай отырып, қазыналы қарттарымыз бен ұлағатты ұстаздарымызға зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, елімізге тыныштық пен құт-береке тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын! (барлық өнерпаздар бірге айтады)
(Ардагерлермен естелікке суретке, бейнекамераға түсіру)
Концерттік бағдарлама
1.Фанфары
2. мектеп директоры сөз сөйлейді
3. «Ұтазға мың алғыс» - 6 сынып оқушылары
4. Өлең жолдары Дидар, Мади, Айдос
5. Би «кукарела» 5сынып
6.Қазақ биі «Биші қайың» би тобы
7. «Ұстазым» әні 5 сынып