«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, әз Наурыз!

08.04.2019

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! 
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін үйрету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы:
І жүргізуші:    - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
ІІ жүргізуші:  Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Құдайберген Серік Қожантайұлына беріледі. 

2-жүргізуші:

Бірінші сәлем бердік бәріңізге

Үлкен-жас, бала-шаға кәріңізге

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын

Шаттық өмір әкелсін бәріңізге

1-жүргізуші:

Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы

Келіп қалды Әз Наурыз!

Қарсы алайық бәрімі3!

Ата-бабам тойлаған (бірге)

Наурызым армысың!

2 - жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Әннен шашу шашайық!
Қыздар тобының орындауында: «Шашу» әні, қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
ІІ - жүргізуші:

Келіңдер  Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық бәріміз Наурыз тойын,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін. 
І - жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында -демекші біздің қыздарымыз өз өнерлерін көрсетпекші. Ендеше, көп күттірмей  қыздарымызды тамаша биімен ортаға шақырайық.
І жүргізуші:

Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
ІІ жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз - дей отырып, ұлдардың орындауында  "Шабандоздар"  биі.
1 – жүргізуші:

Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші:

Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші:

Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.

Ендеше Наурыз мерекесіне арнаған өлең жолдарын тыңдап, тамашалайық.
Дания:

Қыс өтіп қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.

Наурыз келді жүр енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Асанали:
Тыныш болсын даламыз,

Батыр болсың балаңыз.

Уайым қайғы жоқ болсын,

Ақ дегенің көп болсын. 

Жарқыра, жайна Наурызым,

Қабағы жаудың түйілсін.

Береке байлық дәм-тұзым,

Халқыма мәңгі бұйырсын.
Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!

1-жүргізуші:

Көктем келді алақай,

Тұрма қарап балақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Қане достар тұрмайық.

ІІ жүргізуші: Алдарыңызда 1-сынып оқушылары   «Наурыз-көктем»  әнімен.

І  жүргізуші:

Наурыз тойың, ұлыс тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгіліп, жыр төгілсін,

Әсем әуен тыңдайық,

Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ- домбыра

ІІ жүргізуші:

Күй нөсерін төгейік

 Жырдан моншақ өрейік

Уа, халайық ал енді

Наурыз айтысты көрейік

2-сынып оқушыларының айтысын тамашалауға шақырамыз

І жүргізуші:

Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
ІІ - жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Шашу шашылады)

І жүргізуші:  

Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр

Қызыр бабаны қарсы алайық!

ІІ жүргізуші:

"Батам, батам, батпасын, батам жерге жатпасын деп" Қыдыр  атамыздың Ақ батасын алайық
Қыдыр ата.

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
1- жүргізуші:

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

2-жүргізуші:

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта ағы бар.

Ішетіннің, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Әже:

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді

1-жүргізуші:

Сіз боп біз боп жалпымен

Қадырымен, парқымен

Наурыз тойын өткердік

Ата дәстүр -салтымен

 

2-жүргізуші:

Жалғасумен жылға жыл

Шабыт берсін жырға жыр

Өнер сүйер өрендер

Рахмет сізге мың да бір!

Ән "Наурыз-көктем"

1-жүргізуші:

Наурыз мерекесіне арналған кешімізге қош келдіңіздер! Қош, сау болыңыздар,қонақтар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 768

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст