«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рахмет саған, Ана! Капышева Наргиза

13.03.2019

Рахмет саған, Ана!

Ана жайлы ойымды, айтып тауса алу мүмкін емес. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың.

Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Шіркін! Осы бір үш әріптен тұратын «Ана» деген қасиетті сөздің құдіреті қандай десеңші!Ана баласының үлгілі азамат болып өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

Халықта: «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген керемет нақылға айналған бұл сөзді, ешуақытта есімнен шығармай келемін.

Иә, мен анам алдында әрқашанда қарыздармын.

Өмірде мен ұқсағым келетін бірде бір жан болса- ол менің анам.Ана үмітін әрқашанда ақтауға тырысамын. Асыл, анам,әрқашан да аман болшы! Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты сезінбей өсіп келемін.Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде.

Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз болсам, келіп жып жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен иіскейтіні, ауыра қалсам, қасымнан кетпей қинала қарайтын жанары – бәрі маған ерекше күш беріп, сәуле шашқан күн сияқты.

Осы аяулы жандарды кейде ренжітіп алғанымызды да байқай бермейміз-ау?... Орынсыз талаптар қойып, еркелігімізді асырып та жібереміз. Дауыс көтеріп жататындарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың іштей налып, қиналатынын қайсібіріміз ойламаймыз да ғой. Қателігімізді түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім де сұрамаймыз. Иә, «алтынның қолда барда қадірі жоқ» екенін біреуіміз түсінсек, енді біріміз түсінбейміз.Бала үшін ананың орны бөлек. Ана – бұлақ, біздің өміріміз анамызбен көрікті.Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қаншама сөз маржанын терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сенімен ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы – бір өзіңсің! Қасымда болмасың, өмірімнің сәні де, мәні де болмас. Сен – ақылшым, сен – тірегім, сен – кәусар бұлағым.

Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын! Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!

Капышева Наргиза.

Қызылтаң орта мектебінің

8-сынып оқушысы.

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст