Бәріне үлкен алғыс!
«Рахмет» деген сөздің көп мағынасы бар. Рахмет деген сөздің түпкі ойына келетін болсақ. Мысалы: үлкен адамға көмектессең ол саған ақ батасын беріп алғыс айтады. Рахмет деген керемет сөз, оның түбінде көп сөз бар. Мен ең алғашқы Аллаға рахмет айтамын, мені осындай бақытты бала қылып жаратқан үшін және мыңда бір шүкір осындай көркем үлкен әдемі ауылда тұрғаныма. Маған өз таза ауылым қатты ұнайды. Менің өсіп өнген ауылыма ешпір қала жетпейді. Екіншіден ата-анама рахмет, мені жұрттан кем қылмай оқытып, кигім келетінімді кигізгені үшін. Менің осылай күліп ойнап жүргенім ата-анамның арқасы. Үшінші-ұстаздарыма рахмет мені осындай білімге баулығандарыңыз үшін. Ең алғашқы мектепке келгенде ақ құшағын ашқаны үшін. Төртінші туыс-туған бауырларға рахмет, мені аялағаны үшін және әр қылығымды кешіргені үшін. Бесінші көршілерге рахмет көмектескені үшін. Бәріне үлкен алғыс!
Қызылтаң орта мектебінің 5-сынып оқушысы
Оразымбет Көркем.