Күні |
|
Пәні: математика |
96-сабақ |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бір бағыттағы артта қалып қою қозғалысына берілген есептерді шығару |
|||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты |
бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетіледі, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекітеді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Оқуда қолданатын әдіс-тәсілдер |
СТО (қызығушылық ояту, постер жасау) Диалогтік оқыту (сұрақ-жауап). Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма беру. АКТ (сергіту сәті). Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||
Сыныптағы өзара әрекеттестік |
Жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, дид-лық ойындар, постер қорғау |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
|
||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
|
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық Қане, қатар – қатар түзеліп, Оқушыға лайық. Қолымызды жіберіп, түп – түзу тұрайық. Бірінші қатар жай отыр. Екінші қатар сен де отыр. Үшінші қатар тез отыр. Ғылымның сырын ұғына, (слайдтан оқу) Жетіңдер білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді Математика сырына. Балалар, бүгінгі сабағымызды осындай жақсы көңіл – күймен бастайық. |
|||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту
|
ІІ. Тірек білімдерін дамыту. "Жасырын сөзді тап"
1. Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Ол 5 сағатта неше км жүреді? (75 км) 2. Адам 5км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Ол 45км жерді неше сағатта жүріп өтеді? (9сағ) 3. 6 сағат ішінде пойыз тоқтамастан 480км жол жүрді. Пойыз қандай жылдамдықпен қозғалды? (80км/сағ) 4. Арасы 130км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі мотоциклші шықты. Егер бірінші мотоциклші 35км/сағ, ал екінші мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен қозғалса, олар неше сағаттан кейін кездеседі? (2сағ) 5. Машина қаладан таңғы сағат 9-да шығып, 11-де ауылға келді. Егер қаламен ауылдың арасы 120км болса, машинаның жылдамдығы нешеге тең?(60км/сағ) 6. Көлік 2 сағатта 180км жол жүрді. Көлік қандай жылдамдықпен қозғалды? (90км/сағ) 7. Электрлі пойыз 90км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Ол осы уақыт аралығында қанша қашықтықты жүріп өтті? (450км) 8. Ұшақ 400км/сағ жылдамдықпен 3 сағат ұшты. Ол қандай қашықтықты артқа тастады?(1200км) Шыққан сандарды өсу ретімен қоя отырып, шыққан сөзді оқиық. - Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз қозғалыс процессіне арналады. Қозғалыс деген ұғыммен күнделікті біз қай жерде кездесеміз? 1. Қозғалысқа берілген есептерде қандай шамалар кездеседі? Қашықтық, жылдамдық, уақыт.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. ІІІ. Жаңа сабақ 1 №1 есеп шығару сызбамен жұмыс - Өрнектер арқылы нені табуға болады? Қандай формула қолданылды? 2. №2 берілген есептер бойынша постер құрастыру. - Сонымен автобус пен жеңіл көліктің қашықтау яғни қалып қою жылдамдығы V қаш = Vж.к. - Vавт. 3. №3 сызбаларды қарастырып есептер құрастыру ІҮ. Сергіту сәті Бір сөзден көп сөз құрастыру: 2-жұп: Қашықтық: Қашық, ашық, ақы, ақтық, тық, қаш, шақ, Ү. Өткенді пысықтау №4 кесте бойынша өрнектер құрастыру |
|||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды
|
Ү. Сабақты қорыту. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Қызықты есептер.(топтық жұмыс) - Сабақтың мақсаты қандай болды? - Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба? - Сабақта не ұнады? - Сабақта қандай тапсырма қиын болды? - Қандай тапсырма жеңіл болды? - Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларыңа баға бер. ҮІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. №5, 38-бет ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау |
|||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия: Стикерге пікірлер жазып берілген смайликтерінін тұсына жапсырады.
|