Мақсаты:
1. Ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Ертегіні сүюге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізушінің сөзі: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін мектепалды даярлық сынып пен 1- сынып оқушылырына «Ертегілер еліне саяхат» атты әдіс бірлестігінің онкүндігінің көркем әдебиет күніне арналады.
Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,
Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.
І- тапсырма: «Сұраққа жауап»
1. Кім сыпырғыда ұшады?
2. Аленушканың інісі неге айналды?
3. Үш басты жануар?
4. Қыста ұйықтайтын аң?
5. Апасы мен атасынан не қашады?
6. Қасқыр лақтарға ненің өлеңін айтады?
7. Қызыл телпек нені кездестірді?
8. Түлкі: - балықты құйрығыммен ұстадым – деп нені алдады?
9. Қай ертегіде барлық аң бір үйге сыйып кетеді?
ІІ- тапсырма: «Есінде ме ертегі»
1. Ертегілер туралы кім не біледі?
2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
3. Ертегі басталғанда қалай басталады?
Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
"Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен". Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.
Көрініс: «Бауырсақ»
- Осымен бүгінгі «Ертегі әлемінде» деген ойын сауығымыз аяқталды. Белсенді қызығушылықпен қатысқаны үшін көп-көп рақмет!