Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету;
«Асыл-2005»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1-cынып оқушылары Жанбай Н.мен Жанат Аятқа мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасын сатып әпкрді.
Қызыдтаң ОМ әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді .
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байсеитова С.А