Текст
Зеренді аудынында IQanat олимпиадасының 2-кезеңіне Қызылтаң орта мектебінен 8-9 сынып оқушылары қатысып келді. Амантай Дильнәз, Кошпай Сезім, Муханбетхали Ақерке және Аманжол Ильяс. Муханбетхали Ақерке 8-сынып оқушысы гуманитарлық бағыт бойынша өз білімін шындаса, ал Амантай Дильнәз, Кошпай Сезім және Аманжол Ильяс жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өз білімін ортаға салды. Олимпиада басталмас бұрын оқушылармен мотивациялық семинар-тренингтер өткізіліп, кітапшалар беріліп, lQanat логотипі бар футболкалар мен сөмкелер берілді.