Сабақтың тақырыбы: «Алтын жүректі анамыз» атты С.А.Назарбаеваның туған күніне орай өткізілетін мәнерлеп оқу сайысы
Сабақтың мақсаты:
1)Балалардың «Мейірімділік», «Анаға құрмет» туралы түсініктерін кеңейту; Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) Балалардың көркемсөз шеберліктерін, «Еланасы» жайлы кең мағлұмат бере отырып ой өрістерін дамыту; ізгілікке тәрбиелеу іскерліктерін дамыту;
3) Мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа жол көрсету;
Міндеттері:
- Көрсетілген мақсатқа сәйкес гуманистік тәрбие беру элементтерін қолдану;
- Кезеңдерге сай сайыс жүргізу;
- С.А.Назарбаеваның өмірбаянымен, жасалған қайырымдылық істері мен еңбектерін ашып көрсету;
Ресурстар:
Интерактивті тақтадағы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер;
Өткізілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Жүргізуші 1: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар! Сара Алпысқызы Назарбаеваның 77 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отырған «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Психологиялық дайындық. Тақтада бетін бұлт торлаған күн тұрады.
- Құрметті оқушылар мен ұстаздар, біздің қатысушылар мына шуағын бұлт торлаған күн тәрізді өздеріне, сәттіліктеріне күмән туып, қобалжып тұр. Әділқазыларға да әділ шешім қабылдауға, осында отырған көрермен өз шын жүйрігін қолдауға серпіліс, шынайы жақсы көңіл-күй керек болып тұр. Олай болса, барлығымыз айналамыздағыларға ішімізден тілек тілейік. Тілеп болсақ, тілегіміз қаншалықты шын ниеттен болса, соншалықты қатты қол шапалақтайық.
Екінші жымиған күн шығады.
- Күніміз жымиды, қаттырақ қол соқсақ...
Тақтада жадыраған күн көрінеді.
-Олай болса, барлығыңызға мына күндей жадыраған көңіл-күй тілейміз.
С.А.Назарбаеваның сөзі шығады.
- Осыған орай, С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі» деген екен. Олай болса, қатысушыларымыз барын салып жақсы қасиеттері, соның ішінде көркемсөз шеберліктерін ашуға тілектес бола отырып, әділқазы алқасымен таныстырсақ: -----------
Жүргізуші 2: : Құрметті оқушылар!
Біз Қазақстан деген «үлкен отбасында» өмір сүреміз . Барлық отбасындағы сияқты осы үлкен мемлекетті басқаратын адам ол-Президент. Отбасының тірегі ең алдымен өз елінің гүлденуі, дамуын ойлайтын адам. Бірақ, әр отбасына балалардың қамын ойлайтын, жылылық беретін аялы алақан иесісі де бар. Сендер айта қойыңдаршы , ол кім?
- Әрине, дұрыс айтасыңдар, ол біздің аяулы аналарымыз. Ал енді біздің «үлкен отбасымыздың», яғни Қазақстанның анасы – ол Сара Алпысқызы Назарбаева. Біз ол кісіні Ел Анасы деп атаймыз. Бүгінгі біздің сайысымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан- салалы қайырымдылық қызметіне арналмақшы.
Олай болса сайысымызды бастамастан бұрын С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына назар салайық.
Видеоролик қойылады.
Оқушы 1: «Бөбек – Cара Алпысқызы қоғамдық қоры» 1992 жылы
құрылған. Қызметінің басты бағыттары : ана мен баланы қорғау,
нәрестелер мен балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын
сақтау ісіне жәрдемдесу. Осы қор ашылған жылы Қазақстанда
«Қуаныш пен Үміт үйі» аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон
өткізді. Одан түскен қаржы Алматы қаласында «Бөбек» балалар
емдеу-сауықтыру орталығын салуға жұмсалды.
Оқушы 2: «Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге
ұйтқы болды. Көптеген қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда
бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық
назарын аударып , 1999 жылы «SOS- Киндердорф» халықаралық
қорының Алтын медалімен , 2002 жылы БҰҰ балалар қорының
ескерткіш медалімен, І дәрежелі Достық орденімен марапатталған.
Оқушы 3: 2006 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында адамзаттың ізгі
мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық
сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен жетім
балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені
үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры Президенті
С.А.Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты
болды.
Оқушы 4: Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың, қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының
авторы болып табылады. «Өзін-өзі танудың» философиясына
ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын
медальға ие болды.
Оқушы 5: 2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы,Қазақстанның жас
ұрпағына рухани- тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін
«Достастық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат
білім және ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық салалар
бойынша берілетін болса, гуманитарлық бағыт тұңғыш рет бұл
марапатты Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Жүргізуші 2:
- Міне, балалар «алтын жүректі ананың» өз елінің балаларына
деген шексіз қамқорлығының көрінісі осындай.
Сара Алпысқызы сонымен қатар қоғамның,адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы: «Өзіңе жол»(1999ж.), «Өмір әдебі» (2001ж.), «Сүйіспеншілікпен» «2001ж.)
- Олай болса, біз сайысымызға кезек берсек. Ортаға 1-ші сайыскеріміз 3сынып оқушылары ------------------------------------------------
Шақырамыз!
Жүргізуші 2: Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын туған күн,Алтын жүрек Анамыз!- дей келе келесі кезекте 4 сынып оқушылары:
Шақырамыз!
Жүргізуші 2: Жанарларды нұр ойнап,сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп,құштарланды өмірге.
Әрбір әзә гүл-дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге!- дей келе келесі кезекті музыкалық ән шашуға береміз. Алдарыңызда 3 «Д» сыныбының оқушысы Алмасқызы Фариадтың орындауында әнді қабыл алыңыздар!
Ән «Бақыт деген».
Жүргізуші 1: Өзі аялап мәпелеп,ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Агамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен- бұл өлең шумақтары Сара анамыздың еңбегін жырлағандай... Олай болса жыр шумақтары одан әрі төгілмекке 5 сынып оқушыларын шақырамыз.
Жүргізуші 1: Бар жақсылық бір өзіңнен табылар
Ұстазға тән қасиеті бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр – пейілін қабыл ал дей келе ортамызға 6 сынып оқушыларын шақырамыз:
Жүргізуші 2: Құрметті қатысушылар, ұстаздар, сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы бір шешімге келгенше, ортаға 1 «Е» сынып оқушылары Еркінқызы Перизат пен Өмірзақ Әлиді әсем әнмен шақырамыз.
Ән « Көк тудың желбірегені ».
Жүргізуші 2: Олай болса, сайыс нәтижелерін хабарлауға әділқазы алқасын шақырамыз!
Әділқазы алқасының сөзі.
Жүргізуші 1: Құрметті оқушылар,қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз:
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін,шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштардық,жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа,ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр жарып,махаббатқа,достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Олай болса, Сара апайымыз айтып кеткендей, айналамыздағыларға деген мейірімділігіміз бен сыйластығымызды ешқашан жоғалтпайық!
-Сау сәлеметте болыңыздар!