Текст
Мектеп президентін және “Жас Ұлан” ұйымының Ұланбасын сайлау іс-шарасы 19 қазан күні өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып төрт оқушы, ал Ұланбасына 3 оқушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 9 сынып оқушысы Болат Аман мектеп президенті болып, 9- сынып оқушысы Төлеген Аян Ұлан басы болып сайланды. Құтты болсын дейміз!