«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Математикалық турнир" 9-11 сыныптар аралығында өтті.

28.01.2021

Математикалық турнир 9-11сыныптар

 

Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту.

Турнирдің жүру барысы:

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

 

Бүгінгі турнир керемет ғылым – МАТЕМАТИКАҒА арналады.Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

Ал енді, топтарға бөлінейік. (Алдарыңда тұрған ноутбуктердегі суретті ашып, топтарға топтасамыз.)

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп, сайысқа қатысушы топтарды таныстырамыз.

    Біздің математикалық турнирдің топтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! :

  1. «Болашақ»  дарындылар тобы
  2.  «Парасат»  ақылдылар тобы
  3. «Ақ сұңқар»  ойлылар тобы

 

 Жүргізуші : Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
 

Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ойлар сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда 
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.    

 

Жүргізуші :Біздің әділқазыларымыз::            

     Серкенова Гульдана Болатхановна

 

Бірінші тур – «Блиц сұрақтар» деп аталады. Әр топқа KAHOOT бағдарламасы арқылы 8 сұрақтан қойылады. Тез жауап берулеріңіз керек. Қалған топтар өз мезетін күтеді. !Әділ қазылар алқасы мұқият болыңыздар!

 

I топқа арналған сұрақтар:

1.Тәуліктің 24-тен 1-і?  1 сағат
2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме?    2 м
3. 16 нешенің квадраты? 4 санының
4. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар?  100
5. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?  100 теңге

6. Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)

7. Шеңбер салуға арналған құрал. (циркуль)

8. Көбейту нәтижесі. (көбейтінді)

 

ІІ топқа сұрақтар

1. Тәуліктің 6-дан 1-і?    4 сағат
2. Қайсысы үлкен 2 кг немесе 2000 грамм?  тең
3. 8 саны нешенің кубы?   2-нің
4. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қояды. Үстелде неше стақан бар? 3 стақан
5. 1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?  Бірдей

6. Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)

7. Шеңбердің радиусы 6 см тең. Диаметрі нешеге тең? (12)

8. Миллиард санында неше нөл бар? (9)

 

ІІІ топқа сұрақтар

1. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?     50
2. Бір жанұяда 4 қыз бар, әр қыздың бір інісі бар. Жанұяда  неше бала бар?     5
3. 4-тің кубы неге тең?   64 саны
4. Ең үлкен уақыт  өлшемі?   Ғасыр
5. Өзара кері сандардың қосындысы неге тең?  1-ге

6. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)

7. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп)

8. Төрт жылда неше ай бар? (48)

 

1-жүргізуші:   Сайысымыздың  ІI туры  «Шатырдағы логика» деп аталады. Сұрақтың орнына жасырылған санды табу керек, бұл тапсырмаға 4 минут уақыт беріледі,дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: 3-тур

 «Санап көрші, қанша екен?» деген сайысымыздың   турында зейіндік танытып, берілген фигуралардың ішінде қанша үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш барын анықтайық.

 

 

 

 

 

 

                                                                  7 үшбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

                                                        16 үшбұрыш

 

 

          

 

 

 

 

 

 

                                      8 үшбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               7 квадрат, 20 үшбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         28 үшбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:   4- тур:

 

«Теоремалар мен анықтамалар айтысы»

Әр топтан жұптасып шығып білетін анықтамалар мен теоремалар айтып айтысады.

 

Неғұрлым көп білетін топ, соғұрлым ұпайға ие болады.

 

Жүргізуші: 5 - тур: «Амалдар»

 

Сайыстың шарты : Амалдарды тез орындау керек.

Құрметті ағалар мен апалар! Бұл есепті сіздер тез,әрі дұрыс шешеді деп ойлаймыз.

Ал біз Батырхан екеуіміз бұл есепті білмейміз. Сондықтан сіздерден үйренгіміз келеді.

                             

 

                                  

9  5/6                                                                  5   1/6

 

Жүргізуші:  6-тур: Жасырынды санды табыңдар.

 

 

 

 

Капитандар мен топ мүшелеріне рахмет, әділ қазылар алқасы тапрсымаларын бағалап жатқанда  біз келесі турымызға көшеміз. Келесі турымыз – «Жаңылмаймын» деп аталады.  Әр топтан 3 оқушыны шақырамыз ортаға.

Келіңіздер!

Ойынның шарты мұндай: барлық қатысушылар бір қатарға тұрады. Сигнал бойынша ең бірінші оқушыдан бастап кезекпен 1- ден 30-ға дейін санау бастайсыздар. 3 санына аяқталатын, және 3 санына бөлінетін сандарды атауға болмайды. Осы санды айтуға тиісті қатысушы, орнында бір рет секіреді. Қателескен адам ойыннан шығып қалады және санау басынан басталады. Ең соңыңда қалған оқушыны жеңімпаз болып саналып  және оның тобына 5 ұпай қосылады. Егер ойынның шарты түсінікті болса, онда ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

 

 

Жүргізуші:

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде!

 

Жеңімпаздарды шын көңілмен құттықтаймыз! Бәріңіздің қатысқандарыңызға рахмет!

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

 

Құрметті оқушылар! Бүгінгі  «Математикалық турниріміз» аяқталды, сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ойынымызға қатысуларыңызға үлкен рахметімізді айтамыз. Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст